Қалайсың, студент? Сіздерге жақсы жаңалығымыз бар🤩
QYZPU СТУДЕНТІ АСЫҚ АТУ МЕН БЕСАСЫҚТАН ӘЛЕМ КУБОГІ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ👏
Қараша айының 14-16 күндері Түркия астанасы Анкара қаласында ұлттық спорт асық ату мен бес асықтан жастар арасында әлем кубогі өтті.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-курс студенті Амангельді Назгүл Әлем кубогінде І-орын жеңіп алды.
Жарыстың мақсаты - ұлттық ойынды насихаттап, асық атуды ұлттық спорт ретінде дамыту. Жастар арасында тұңғыш рет өткен ресми чемпионатқа Румыния, Түркия, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан, Моңғолия және Қазақстанның үздік асықшылары қатысқан.
Назгүл Амангельді – Жастар арасындағы ұлттық құраманың мүшесі. Ол Моңғолия, Өзбекстан, Түркия, Румыния, Қырғызстан елінен келген спортшыларымен бақ сынасты.
⚜️ Дәстүрлі спортымызға айналған асықтың шартарапта дамып жатқаны және жастарымызды ұлттық ойынды дәріптеп, топ жарып жатқанына қуаныштымыз!