Жаңа жылға таяу құрбыларымызбен балалар үйіне барамыз деп жоспарладық.
Ешкімге айтпай,әлеуметтік желіде бөліспей,
ақырын ғана,тыныш сыйлықтарымызды алып,балалардың көңілін көтеріп,жүздеріне күлкі сыйлау ниетіміз болды.
Мерекенің кезі болғасын ба,сыйлық жасаушылар мен,балалар үйіне барушылардың саны артқан сыңайлы.
–“Ол күн,ол күн де бос емес,осындай адам келіп балаларға мереке жасайды”-,деп айтып жатыр.
–“Бізге бір күн керек емес,бір сағат болса да болады,сыйлықтарын беріп,қуантып қайтсақ болды”-,деп уақыт тауып,дорбамызды асынып келдік.
Бірге ән айттық,бірге биледік. Балалар тақпағын айтып,біз сыйлығын бердік.
Сол уақытты кішкентай бала қасымызға келіп:
–“Әпке,неге бейнеге түсірмейсіздер? Байқасам,жандарыңызда видеоға түсіретін адам жоқ. Кешелі-бері,жалпы осы кезге дейін келген ағай-апайлар бәрін бейнеге түсіріп жүретін еді”-,демесі бар ма?
жүрегіме тиіп кетті.
біз,көбіміз,игі істі жасаймыз да,мен бүгін осында бардым,мына кісіге көмектестім деп жарияға жар саламыз.
иә,өзгеге үлгі болсын,бөлісіңіз.
бірақ,шегін білу керек.
ел болып етек-жеңімізді жидық деп көңілімізді демдейміз, алайда сіздің сол жерде сыйлық бергеніңізді,әр қадамыңызды ұялы телефонға түсіріп алуыңыз—талай бүлдіршіннің көкірегінде ащы запыран болып кете барғанын көбіміз біле бермейміз.
көңілге медеу тұтар дүниелер азайып бара жатыр. оның орнын ел менің барғанымды білсе,көрсе,мақтай түссе деген масаттану сезімі басып бара жатыр ма,білмеймін…
анығын өзіңіз көріп,өзіңіз сараптарсыз.