Тегін тамақ таратылып жатыр дегенді естісе, жұрттың есі кетеді. «Кім бұрын жетеді?», «Кім көбірек алады?», «Кім алдап болса да үлгереді?» – басты мәселе осы. Бүгін ғана ақыл айтқан, парасат туралы көсілген адам ертең бір қап ұн үшін кезекте итерісіп, бір бөтелке май үшін ұятына қиянат жасап жүр.
Бұл жоқтық па? Жоқ. Бұл – тойымсыздық. Аштық емес, ашкөздік. Бірдеңені тегін алу мүмкіндігі туса, әлдеқашан жоғалған намыс та, ұмытылған тәрбие де қайта тірілетіндей сірә. Орынсыз ашқарақтықты ақтап алғысы келетіндер «жұрттың бәрі солай жасап жатыр» деп өзін жұбатады. Ал жұрттың бәрі өз абыройын аяққа таптап жатса, сен де соған қосыласың ба?
Қарны тоқ адам барға қанағат етеді, ал қарны тойса да көзі тоймайтындар тегін дүниенің соңында жүре береді. Теңгеге сатылу бір бөлек, тегінге сатылу – ең қорқыныштысы.
Ашқарақтық – кедейліктің белгісі емес, көргенсіздіктің сиқы. Ал өз қадірін өзі кетірген адамды ешкім қадірлей қоймас.
Тойымсыздықтың түбі – тексіздік.