БИРЖА. САЛЫҚ. ДЕКЛАРАЦИЯ.
@QsauatBot-қа осындай сауал түсті. ETF деген не, ETN деген не? Жұрт бұлардан қандай пайда көріп отыр? Салық ұстала ма, жоқ па? Алдымен соны анықтап алайық. Ашық дереккөздерде бұл жайында ақпарат өте көп. Интернетті аш та, оқи бер. Ал, мен сіздерге өз стилімде жеткізіп көрейін. Қарапайым тілде. Биржа әлеміне қызыққан оқырман керегін алар.
Биржа — базар дедік қой. Бұл алаңға жаңа келіп жатқан адамға, әрине, ETF, ETN секілді түсініксіз, түр-түсі белгісіз терминдік сөздер «ауыр» тиеді.
ETN деген не?
Әңгімені осыдан бастайық. Бұны өз «тілінде» инвестициялық өнім дейді. Оны шығарушы эмитент — ірі банк немесе белгілі бір қаржы ұйымы болады.
ETF — бірнеше активтің басын біріктіретін портфель. Аббревиатурасын ашсақ — exchange traded fund.
Fund деген — Қор. ETN-ге қарағанда, ол кәдімгі құнды қағаздардан тұрады. Яғни, инвестор (биржадағы сіз бен біз)оның көмегімен бір мезетте бірнеше активке ақшасын сала алады деген сөз.
Енді қараңыз: егер ETF-ті шығарушы эмитентбанкрот болатын болса, оны сатып алған инвестор портфельдегі құнды қағаздарға заңды тұрғыда таласа алады.
Ал, егер мұндай жағдай ETN-мен байланысты болса, инвестор эмитентке ондай талап қоя алмайды. Ол кезде инвестор өз ақшасын қайтарып алу үшін өзге кредиторлармен бірге кезегін күтеді. Сол себепті ETN сатып аларда инвестор эмитенттің кредиттік рейтингіне мән беруі керек.
САЛЫҚ
Бұған дейін «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТҚА» сарапшылық еткен AIX биржасының өкілі Самал Мұраттан кеңес сұрағанмын. Қойған сауалыма сарапшы тек қазақстандық және Қазақстанда шығарылған құнды қағаздардан пайда көруші инвестор салықтан босатылады деді.
Егер, ETN өнімдер мен ETF активтерді шетелдік брокерден сатып алсаңыз, онда сол елдің заңына сай салық төлеуге міндеттелесіз.
ДЕКЛАРАЦИЯ
Осы жерде ескеретін тағы бір нәрсе бар. Сіз қазақстандық құнды қағаздардың иесі ретінде салықтан босатылғаныңызбен, салықтық форманың талабына сай оларды декларацияда көрсетуге міндетті боласыз.
«Кейбір салық формасы құнды қағаздың өзін декларациялауды талап етеді, ал кейбіржағдайда тек табыс тапқанда ғана декларациялау керек болады» деген сарапшымыз ETN мен ETF-ке қатысты AIX (отандық) биржасының позициясын былай жеткізді:
@qarzhylyq_sauat

ETF — базалық актив. Оны бір бүтін акция деп түсініңіз. Соны сатып алып, біз оны бірнеше бөлшекке бөліп сатамыз. Ол құрал ETN деп аталады. Сатып алушы біз (AIX) болғандықтан және Қазақстан территориясында жасалып, сатылғандықтан, бұл қазақстандық құнды қағаз болып есептеледі. Бірақ ETN толықтай базалық актив — ETF-тің динамикасын қайталайды. Бағасы құлдыраса — соншалық құлдырайды, өссе — өседі. Яғни, бағасының өзгеруі америкалық нарықтың факторларына байланысты.
@qarzhylyq_sauat