TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
Ислам

3 Jan 2018, 05:32

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

💝 БАЙЛЫҚТЫ ҚАЛАСАҢ, ҮЙЛЕН!

📝 Алла Тағала айтады:

"Іштеріңдегі бойдақтарды, сондай-ақ қолдарыңдағы құл, күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады. Алла, аса кеңшілік Иесі, толық Білуші.

© Нұр сүресі, 32

✏ Омар ибн әл-Хаттаб (радиаллаһу әнһ) айтады:

"Үйлену арқылы байлықты талап етпеген адамға таң қаламын! Өйткені Алла Тағала: Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады" - деп айтты емес пе?!

© Абдур-Раззақ, 10393 | Тәфсир әл-Қуртуби 12/241

✏ Абдулла ибн Масғуд (радиаллаһу әнһ) айтады:

" Үйленгеннен кейін, некеден байлықты күтіңдер! Өйткені Алла Тағала: Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады" - деген.

© Тәфсир әт-Табари 12/275

✏ Имам Абул-Фараж ибн әл-Жәузи айтады:

" Бұл аятта Алла Тағала кедейліктен арылудың жолы - үйлену екендігін баяндады"

© Задул-масир 6/36

✏ Имам Қуртуби бұл аят жайында айтады:

"Кедейліктің себебінен әйелге не ер адамға үйленуден бас тартуына болмайды. Егер, олар кедей болатын болса, Алла Тағала оларды Өз кеңшілігімен байытады. Бұл уәде, Алла Тағаланың разылығын қалап және оның тыйым салған істерінен аулақ болу үшін үйленгендерге берілген".

Және де ол айтады: "Егер біреу айтса, "біз үйленгендердің арасында байып кеткендерді көрмедік" деп, онда біз айтамыз: "Бұл уәде әрдайым орындалады дегенді білдірмейді! Егер ол бір рет болса да келсе, уәденің орындалғаны. Сонымен қатар, "байытады" деген сөздің мағынасы, сенімді хадисте келгендей, рухани жан байлығы дегенді де білдіреді:

"Шынайы байлық - мал-дүниенің көптігі емес, шынайы байлық - рухани жан дүниенің кеңдігінде" (Бухари 6446; Муслим 1051)

© Тафсир әл-Қуртуби 12/241

✏ Абдулла ибн Масғуд (радиаллаһу әнһу) айтады:

"Егер менің тағдырымда он күннен кейін өлетіндігім жазылса және мен оны білсем, егер мүмкіндігім болса еліктіруден қорыққаным себепті үйленген болар едім"

575 0 0
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot