ИӘ, АЛЛАНЫҢ ЕЛШІСІ, МАҒАН ЗИНА ЖАСАУҒА РҰҚСАТ ЕТШІ..! 🌙
📔 Бірде Жуләйбиб есімді жас жігіт Алла Елшісіне ﷺ келіп:
- Ей, Алланың Елшісі! Маған зина жасау үшін рұқсат етші! - дейді. Пайғамбарымыздың ﷺ жанында отырғандар жігіттің жиіркенішті өтінішін естіген сәтте оған бірден өре түрегеліп, кейбіреулері аузын жаптыру үшін дүрсе қоя берді.
Сонда Пайғамбарымыз ﷺ олардың қарсылығына рұқсат бермей, әлгі жігітті тыңдап, содан кейін оны тізесінің жанына отырғызып, былай деп сұрады:
- Егер сенің анаңмен біреу зина жасаса, разы болатын ба едің? Жігіт:
- Жоқ, ей, Алланың Елшісі! Әрине қаламаймын! – деді.
Пайғамбарымыз ﷺ : - Тура солай, адамдар да аналарымен зина жасалса, разы болмайды! Егер сенің қызың болса, қызыңмен біреу зина жасаса, разы болатын ба едің? – дейді.
Жігіт: - Жаным Саған құрбан болсын, ей, Алланың Елшісі! Еш қаламас едім! – деді.
Пайғамбарымыз ﷺ: - Тура солай, адамдар да қыздарымен зина жасалса, разы болмайды! Егер сенің әпкең болса, әпкеңмен біреу зина жасаса, разы болатын ба едің? – деп сұрайды.
Жігіт: - Жоқ, ей, Алланың Елшісі! – деді.
Пайғамбарымыз ﷺ : - Егер сенің қарындасың болса, қарындасыңмен біреу зина жасаса, разы болатын ба едің?– деп сұрады.
Сонда жігіт: - Жо-жоқ қаламаймын, - деп жауап қатты. Пайғамбарымыз ﷺ : - Ешкім де әпкесімен, қарындасымен зина жасағанын қаламайды, - деді.
Кейін Пайғамбарымыз ﷺ қолын әлгі жігіттің жүрек тұсына қойып:
«Аллаһым, мұның күнәсін кешір, жүрегін жамандықтардан тазарт, намысын қорға!» - деп дұға етеді. Міне, осылайша, жігітке ашуланбай, оның өрекпіген көңілін басып, зинақорлықтың жиіркенішті екенін осындай мысалдармен түсіндіріп, әкелік мейірім танытып, жанын жегі құрттай жеген әлгі күнәдан құтылуы үшін дұға етеді. Осы оқиғадан кейін ол жігіт иманын өмір бойы қорғап өтеді.
Дегенмен ол жігіт мұсылмандар арасында осындай жаман қылығымен танылғандықтан алғашқыда ешкім оған қызын жұбайлыққа бергісі келмеген. Алайда Пайғамбарымыз ﷺ араға түсіп, үйлендіреді.
Үйленген соң көп уақыт өтпей жорыққа шығып, соғыста шәһид болады. Соғыс біткен соң шәһид болғандарды жерлеу және сауларды түгендеуге көшеді. Пайғамбарымыз ﷺ : «Арамызда бәрі түгел ме?» - дейді.
Сонда сахабалары: «Иә, бәріміз түгелміз», - деп үн қатады. Пайғамбарымыз ﷺ : «Жоқ, менің жоғым бар», - деп Жуләйбибтің басына барып: «иа, Алла Жуләйбиб менен, мен де Жуләйбибтенмін» - деп Аллаға жалбарына дұға етеді.
✏ имам Ахмад | "Муснад", 5/256;