Абдулла ибн Масғуд жеткізген ардақты пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Алла елшісі сахабаларынан: «Шын тәубә қылған адамның қандай болатынын білесіңдер ме?»,- деп сұрайды. Сонда олар: «Алла және Оның елшісі жақсы біледі»,- деп жауап береді. Сол кезде пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім тәубә етіп білімін арттырмаса, тәубесі кәміл емес. Кімде-кім тәубе қылып, құлшылықтағы әрекетін күшейтпесе, тәубесі кәміл емес. Кімде-кім тәубеге келіп, ренжіскен адамдарды кешірмесе, тәубесі кәміл емес. Кімде-кім тәубесін айтып, киімін және жүріс тұрысын өзгертпесе, яғни ұятты жерін жаппаса, тәубесі кәміл емес. Кімде-кім тәубе деп, ортасын өзгертпесе, яғни күнәғә тартатын достарынан айрылмаса, тәубесі кәміл емес. Кімде-кім тәубеге келдім деп, мінез-құлқын өзгертпесе, тәубесі кәміл емес. Кімде-кім тәубе еттім деп, төсегін және үй-ішін жинамаса, яғни отбасына деген қарым- қатынасын өзгертпесе, тәубесі кәміл емес. Кімде-кім тәубеге келдім деп, (жағдайы келіп тұрып) садақа бермесе, тәубесі кәміл емес»,-дейді. Егер осы аталғандар таныс болар болса, сақтанып шынайы тәубеге келген абзал.
Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде: «Егер адам мен тозақ отынан қорқамын дей тұрып, күнәдән тоқтамаса - ол адам өтірікші. Егер бір адам мен жәннәтқа барғым келеді деп, соған лайық амал етпесе - ол адам өтірікші. Егер бір адам мен пайғамбарды жақсы көремін деп сүннетін амалға асырмаса - ол адам жалған сөйлеуші. Егер де бір адам жұмақтағы хор қыздарына үйленгім келеді деп, мәһрін дайындамаса - онда ол адам өтірікші, мәһір дегеніміз-адамның істеген ізгі амалдары. Шындығында тәубесіне келген адамды Алла Тағала және оның елшісі жақсы көреді, себебі Құранда Алла Тағала былай деді:
«Шындығында Алла тағала тәубе қылушыларды және тазаланушыларды жақсы көреді».
«Шындығында Аллаһтың қасында тәубе сондайлар үшін, білместіктен күнә қылып, соңынан тәубе еткендерді, олардың тәубесін Аллаһ тағала қабыл қылады. Аллаһ тағала Білуші және Үкім қылушы».
Және де пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Расында Алла Тағала құлының соңғы демі алқымына келгенге дейін, яғни соңғы қырылға дейін тәубесін қабыл етеді»,-деген.
Алла Тағала бұл жайлы Құранда:
«Алла Тағала өле-өлгенше күнә істеп және иман келтірмеген адамдардың тәубесін қабыл етпейді. Тегі солар үшін қатты азап дайындадық».
Бұл аят Мұсаға қарсы шыққан перғауынға қатысты түскен.
Қадірменді мұсылман қауым! Тәубенің есігі әрдайым ашық, сол себепті Алла Тағалаға тәубе етейік, әрқашан тәубе есігі ашық екен деп қапы қалмайық, ажал деген қас қағымдық сәт, үлгермей Жаратушымыздың алдына құр қол бармайық. Ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Шығынға ұшыраған адам кім екенін білесіндер ме?,»- дегенде, сахабалар (оларға Алла разы болсын): «Уа, Расулалла сауда қылып саудасында шығынға ұшыраған адам»- деп жауап бергенде, пайғамбарымыз:
«Жоқ, ұзақ өмір сүріп, бұл дүниеден өтіп, Алланың алдына барғанда айтарлықтай жақсылығы болмаған адам» - деп жауап береді.