Қазақстан World Taekwondo Президентінің кубогында үшінші жүлдесін жеңіп алды
Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан Азия құрлығындағы World Taekwondo Президентінің кубогының (G-3) екінші жарыс күні аяқталды.
Бүгін Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір қола жүлде қосты. Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азим Ниязов ІІІ орынға ие болды.
Осылайша, екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде үш қола медаль бар.
Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева қола жүлдегер атанған болатын.
Жарыс 20 тамызға дейін жалғасады.
#QazTkd