Kazakhstan Taekwondo WT


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Қазақстандық таеквондо WT федерациясының ресми арнасы

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Казахстанская таеквондистка Нодира Ахмедова завоевала бронзовую медаль международного турнира China Open G-1, прошедшего в китайском городе Чанша.

Ахмедова выступила в весовой категории до 53 кг. Одержав победу в четвертьфинальном поединке, казахстанская спортсменка вышла в полуфинал, где встретилась с двукратным призером чемпионатов мира, представительницей Китая Цзо Цзюй. По итогам турнира Нодира Ахмедова стала обладательницей бронзовой награды.

Отметим, что в международном турнире China Open G-1 приняли участие 279 спортсменов почти из 30 стран.


Қазақстандық таеквондошы Нодира Ахмедова Қытайдың Чанша қаласында өткен China Open G-1 халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасында 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нодира Ахмедова ширек финалда қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Финалға шығу үшін өткен кездесуде ол әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Қытай спортшысы Цзо Цзюймен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, China Open G-1 халықаралық турниріне 30-ға жуық елден 279 спортшы қатысты.

#QazTkd


Таеквондодан (WT) Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысады

28–30 тамыз күндері Қытайдың Тайюань қаласында таеквондодан (WT) әйелдер арасындағы ашық Әлем чемпионатына өтеді.
Аталған додада Қазақстан ұлттық құрамасының 9 спортшысы ел намысын қорғайды.

Айдана Құмартаева (-46 кг)
Нұрай Бауыржанова (-49 кг)
Мария Севостьянова (-57 кг)
Айша Әділбекқызы (-62 кг)
Аружан Найманбаева (-67 кг)
Адель Жанділдинова (-49 кг)
Нұрай Хусаинова (-73 кг)
Жанель Сұлтанғалиева (-46 кг)
Тоғжан Өмірзақ (-46 кг)

Турнирге 58 елден және World Taekwondo босқындар командасынан барлығы 391 спортшы тіркелген. Жүлделер сегіз салмақ дәрежесінде сарапқа салынады: -46, -49, -53, -57, -62, -67, -73 және +73 кг.

Биылғы чемпионатқа Олимпиада және әлем чемпиондары бастаған әлемнің үздік таеквондошылары қатысады. Олардың қатарында Париж-2024 Олимпиадасының чемпиондары Вивиана Мартон мен Юджин Ким, әлем чемпиондары Луана Мартон, Сара Шаари, Нафия Куш Айдын және Эмине Гөгебакан бар.


Kazakhstan Taekwondo WT Team 🏆🥇🥇🥉🥉🥉

Казахстан вошел в ТОП-3 медального зачета Кубка президента World Taekwondo в Азии

Сборная Казахстана по таеквондо (WT) заняла третье место в медальном зачете Кубка президента World Taekwondo в Азии категории G-3, завершившегося в Лахоре (Пакистан).

По итогам соревнований казахстанские таеквондисты завоевали пять наград — 2 золотые и 3 бронзовые медали. Первое место в общекомандном медальном зачете занял Иран, второе — Республика Корея, Казахстан замкнул тройку сильнейших.

Золотые медали сборной Казахстана принесли Назым Махмутова (-73 кг) и Батырхан Толеугали (-87 кг). Бронзовыми призерами турнира стали Нурай Бауыржанова, Рита Бакишева и Азим Ниязов.

Таким образом, сборная Казахстана завершила международный турнир в Лахоре в ТОП-3 медального зачета, подтвердив высокий уровень команды на одном из рейтинговых стартов World Taekwondo.


ТОП-3: Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлемдік жарысты сәтті аяқтады

Қазақстан құрамасы Пәкістанның Лахор қаласында өткен Азия құрлығындағы World Taekwondo Президенті кубогының (G-3) медальдық есебінде үшінші орынға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық таеквондошылар 2 алтын және 3 қола, барлығы бес жүлде жеңіп алды. Жалпыкомандалық медальдық есепте Иран бірінші, Корея Республикасы екінші орын алса, Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Ел қоржынына алтын жүлделерді Назым Махмұтова (-73 кг) мен Батырхан Төлеуғали (-87 кг) салды. Ал Нұрай Бауыржанова, Рита Бакишева және Азим Ниязов жарыстың қола жүлдегері атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Лахордағы халықаралық турнирді медальдық есептің ТОП-3 қатарында аяқтады.


Малика Жандаева Пәкістанның Лахор қаласында өткен Азия құрлығындағы World Taekwondo Президентінің кубогында үздік төреші атанды.

Жарыста барлығы 35 рефери төрелік етті. Солардың арасынан қазақстандық маманның жұмысы жоғары бағаланып, турнирдің үздік рефериі деп танылды.

Малика Жандаеваны кәсіби жетістігімен құттықтаймыз!

#QazTkd

Малика Жандаева признана лучшим рефери Кубка президента World Taekwondo в Азии, прошедшего в Лахоре (Пакистан).

Всего на соревнованиях работали 35 рефери. По итогам турнира работа казахстанского специалиста получила высокую оценку, и Малика Жандаева была признана лучшим рефери соревнований.

Поздравляем Малику Жандаеву с профессиональным достижением!


Батырхан Толеугали принес Казахстану второе золото турнира в Лахоре

Казахстанская сборная завоевала еще одну золотую медаль на Кубке президента World Taekwondo в Азии, который проходит в Лахоре (Пакистан).

Победителем турнира стал Батырхан Толеугали. По ходу соревнований казахстанский таеквондист одержал победы над соперниками из Кореи, Таиланда и Узбекистана и вышел в финал.

В решающем поединке Батырхан оказался сильнее представителя Узбекистана Ёдгорбека Джурабоева и поднялся на высшую ступень пьедестала.

Таким образом, после победы Назым Махмудовой Батырхан Толеугали принес сборной Казахстана вторую золотую медаль турнира.


🥇 Батырхан Төлеуғали Қазақстанға екінші алтынды сыйлады!

Лахорда өтіп жатқан Азия құрлығындағы World Taekwondo Президенті кубогында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты.

Батырхан Төлеуғали (-87 кг) жарыс барысында Корея, Таиланд және Өзбекстан өкілдерінен басым түсіп, турнир чемпионы атанды.

Финалда отандасымыз Өзбекстан спортшысы Ёдгорбек Джурабоевты жеңіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Осылайша, Назым Махмұдовадан кейін Батырхан Төлеуғали Қазақстан құрамасына турнирдегі екінші алтын медальді алып келді.

#QazTkd


🥇 Назым Махмутова - Азия құрлығындағы World Taekwondo Президенті кубогының чемпионы!

Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан G-3 санатындағы турнирде Қазақстан таеквондошысы Назым Махмутова жеңімпаз атанды.

Жартылай финалда отандасымыз Корея өкілі Ох Сенгюді 2:0 есебімен жеңсе, финалда Сауд Арабиясының спортшысы Сабер Дунья Бушуайбтан басым түсіп, -73 кг салмақ дәрежесінде топ жарды.

Осылайша, Назым Махмутова Қазақстан құрамасының қоржынына турнирдің алтын жүлдесін салды.

#QazTkd

🥇 Назым Махмутова завоевала золото Кубка президента World Taekwondo в Азии!

Казахстанская таеквондистка успешно завершила выступление на турнире категории G-3 в Лахоре, став победительницей в весовой категории до 73 кг.

На пути к титулу Назым в полуфинале уверенно прошла представительницу Кореи Ох Сенгю — 2:0, а в решающем поединке одержала победу над Сабер Дуньей Бушуайб из Саудовской Аравии.

Эта награда стала золотой для сборной Казахстана на турнире в Пакистане.


Казахстан завоевал третью медаль на Кубке президента World Taekwondo

В Лахоре (Пакистан) завершился второй соревновательный день Кубка президента World Taekwondo в Азии (G-3).

Сборная Казахстана пополнила свою копилку еще одной бронзовой медалью. В весовой категории до 63 кг среди мужчин Азим Ниязов занял третье место.

Таким образом, по итогам двух соревновательных дней в активе казахстанской команды уже три бронзовые награды.

Напомним, в первый день турнира бронзовыми призерами в весовой категории до 49 кг среди женщин стали Нурай Бауыржанова и Рита Бакишева.

Соревнования продлятся до 20 августа.

#Qaztkd


Қазақстан World Taekwondo Президентінің кубогында үшінші жүлдесін жеңіп алды

Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан Азия құрлығындағы World Taekwondo Президентінің кубогының (G-3) екінші жарыс күні аяқталды.

Бүгін Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір қола жүлде қосты. Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азим Ниязов ІІІ орынға ие болды.

Осылайша, екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде үш қола медаль бар.

Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева қола жүлдегер атанған болатын.

Жарыс 20 тамызға дейін жалғасады.

#QazTkd


Репост из: taekwondo_wt_kz
Day2 Draw Sheet 2.pdf
1.2Мб
8th WT President’s Cup Asia 2-ші күн


🇰🇿 Қазақстан World Taekwondo Президентінің кубогін екі жүлдемен бастады

Пәкістанның Лахор қаласында Азия құрлығындағы World Taekwondo Президентінің кубогы (G-3)

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы екі қола жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева үздік үштіктен көрінді.

Айта кетерлігі, жарыс 20 тамызға дейін жалғасады.

#QazTkd

Казахстан завоевал две медали в первый день Кубка Президента World Taekwondo

В Лахоре (Пакистан) стартовал Кубок Президента World Taekwondo в Азии – 2026 (G-3).

В первый соревновательный день сборная Казахстана завоевала две бронзовые медали.

В весовой категории до 49 кг среди женщин бронзовыми призерами турнира стали Нурай Бауыржанова и Рита Бакишева.

Отметим, что соревнования продлятся до 20 августа.


Құрметті спорт жанкүйерлері!

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының атынан баршаңызды Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ел спортының дамуына үлес қосып жүрген спортшыларға, жаттықтырушыларға, сала мамандары мен спорт жанашырларына алғысымызды білдіреміз.

Баршаңызға мықты денсаулық, толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

Спорт күні құтты болсын!

#QazTkd

Уважаемые любители спорта!

От имени Казахстанской федерации таеквондо (WT) поздравляем всех с Днём спорта!

Выражаем благодарность спортсменам, тренерам, специалистам отрасли и всем, кто вносит свой вклад в развитие казахстанского спорта.

Желаем крепкого здоровья, больших успехов и новых ярких побед!

С Днём спорта!


Астанада Спорт күніне орай ауқымды ашық жаттығу өтті

Астанадағы Триатлон саябағында Спорт күні қарсаңында «Әділет» партиясының Астана қалалық филиалы ұйымдастырған ауқымды ашық жаттығу өтті. Спортшыларды, спорт федерацияларының өкілдерін, жастар мен елорда тұрғындарын бір алаңға жинаған шараға 500-ден астам адам қатысты.

Іс-шараға Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының бас хатшысы Арал Садықов, Бас хатшы кеңесшісі Асылхан Төлепов, сондай-ақ партия өкілдері қатысты.

Спорттық бағдарламаны «Jitae» таеквондо демонстрациялық командасы әсерлі қойылыммен ашты. Команда мүшелері таеквондоның түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетіп, көпшілікке спорттың техникалық шеберлігі мен көркемдігін паш етті.

Мұндай бастамалар бұқаралық спортты кеңінен насихаттап, жастарды салауатты әрі белсенді өмір салтына тартуға мүмкіндік береді.

#qaztkd


🇰🇿 Сборная Казахстана выступит на Кубке Президента World Taekwondo

С 18 по 20 августа в Лахоре (Пакистан) пройдет Кубок Президента World Taekwondo в Азии – 2026 (G-3).

Для национальной сборной Казахстана турнир станет одним из важных стартов в рамках подготовки к предстоящим Азиатским играм.

Напомним, в прошлом году на этом турнире в китайском Тайане казахстанские таеквондисты завоевали три медали и получили дополнительные квоты на чемпионат Азии.

В этом году сборная Казахстана поборется за награды в Лахоре и продолжит подготовку к Азиатским играм.

Желаем нашим спортсменам успешного выступления!


🇰🇿 Ұлттық құрама World Taekwondo Президентінің кубогында бақ сынайды

18–20 тамыз күндері Пәкістанның Лахор қаласында Азия құрлығындағы World Taekwondo Президентінің кубогы – 2026 (G-3) өтеді.

Бұл дода Қазақстан ұлттық құрамасы үшін алдағы Азия ойындарына дайындық аясындағы маңызды жарыстардың бірі болмақ.

Айта кетейік, өткен жылы Қытайдың Тайань қаласында өткен дәл осы турнирде Қазақстан құрамасы үш жүлдеге қол жеткізіп, Азия чемпионатына қосымша квоталар иеленген болатын.

Биыл ұлттық құрама Лахорда жүлделер үшін таласып, Азия ойындары алдындағы дайындығын пысықтайды.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

#QazTkd


Сегодня сборная Казахстана среди юниоров под руководством Айтжана Алдабекова и Ким Енг Ро завоевала сразу три медали на международном турнире Russian Open, который прошёл в Одинцово (Российская Федерация).

В весовой категории свыше 68 кг Любовь Юн завоевала серебряную медаль, а Нурила Жарас, выступавшая в этой же категории, стала обладательницей бронзовой награды. Также бронзовую медаль в весовой категории до 68 кг завоевала Балгерим Отеген.

Отметим, что этот престижный турнир в России стал одним из важных стартов для сборной Казахстана среди юниоров в преддверии Юношеских Олимпийских игр, которые пройдут в столице Сенегала — Дакаре.


Ресейден жеткен жаңалық

Бүгін Айтжан Алдабеков пен Ким Енг Ро бастаған Қазақстан жастар құрамасы Ресей Федерациясының Одинцово қаласында өткен Russian Open халықаралық турнирінде 3 бірдей жүлде жеңіп алды.

+68 салмақ дәрежесінде сынға түскен Любовь Юнға күміс медаль бұйырса, осы салмақта бақ сынаған Нұрила Жарас қола жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ -68 салмақ дәрежесінде бақ сынаған Балгерім Өтеген де қола медальдің иегері атанды.

Айта кетейік бұл Ресейдегі байрақты бәсеке Қазақстан жастар құрамасы үшін Сенегал астанасы Дакарда өтетін Жастар Олимпиадасы қарсаңындағы маңызды жарыстардың бірі еді.

#Qaztkd

Показано 19 последних публикаций.