ТОП-3: Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлемдік жарысты сәтті аяқтады
Қазақстан құрамасы Пәкістанның Лахор қаласында өткен Азия құрлығындағы World Taekwondo Президенті кубогының (G-3) медальдық есебінде үшінші орынға ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық таеквондошылар 2 алтын және 3 қола, барлығы бес жүлде жеңіп алды. Жалпыкомандалық медальдық есепте Иран бірінші, Корея Республикасы екінші орын алса, Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді.
Ел қоржынына алтын жүлделерді Назым Махмұтова (-73 кг) мен Батырхан Төлеуғали (-87 кг) салды. Ал Нұрай Бауыржанова, Рита Бакишева және Азим Ниязов жарыстың қола жүлдегері атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Лахордағы халықаралық турнирді медальдық есептің ТОП-3 қатарында аяқтады.