письмо незнакомке


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Аллаһу Алим

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Альхамдулиллях..


Әрине, өткенімді қайтара алмаймын. Өткен өмір стильімді де, адрес, жер, адамдарымды. Алайда менде мен бармын, Алла бар, өмір сүруді жеңіл ететін мүмкіндіктерім бар. Олармен өмірімді өз көзімде әдемі етіп ала аламын. Өміріме шүкірсіз бола бермеймін, енді өзім үшін өмірімді өзім сәндегім келеді, Алланың көмегімен. Қатып қалған ережелермен емес, маңызды дүниелерге түкірумен емес, орта жолды таңдаймын. Өмір сүруді де ұмытпаймын, бір нәрсеге кіріп кетпеймін, бәрінің дәмінен тата беремін. Басқалардың мен жайлы ойына бас қатырмаймын, өмірімдегі, айналамдағы хаосты жәймендеп реттеймін, ешкімге ұнауға тырыспаймын, өзіме сыртқылардың көзімен қарамаймын, өзімнің + кезімде қандай екенімді есіме түсіремін, өмірімді өз қолыма ала бастаймын, тізгін өзімде. Арманымды орындаймын, бақытты болу үшін қолымда бары жеткілікті. Мені үнемі бақытты етіп келген - естеліктерім. Жаңа естеліктер жинайтын сәт келді.

3-4 ай көлемінде ұйқыда болдым, көзім жылау мен сағыныштан көз ашпады. Үлкен революциядан өткен мемлекеттей өмірімдегі бұл өзгеріске үйренісу оңай болмады. Есімді жидым. Ояндым.


Осы уақытқа дейін мені бақытты етіп келген менің естеліктерім еді. Енді жаңа естеліктер жинайтын сәт келді


Бақытты болу үшін қолымда бары жеткілікті


Ашу.

Мұсылман адам ашуланбайды, шыдамды болады - емес. Мұсылман адам ашу келгенде ашуланады, себебі, мұсылман адам ол ең алдымен адам. Оның мінезі бар, оған ұнамайтын нәрселер бар. Алла бізді осы қалыпта жаратты.

Шыдамды болу - сабыр ету емес. Шыдамды болу - терпила болу, өз өзіңді қорғай алмау, өзіңді таптатуға жол беру. Не істеймін? Әрекет етесің, сол жолда нәтиже күткенде сабыр етесің, міне сабыр ету осы. Шыдам осы жерде керек. Ештеңе істеместен, өзгеруге талпынбастан, аспаннан шешім жауғанын күту надандықтан немесе жалқаулықтан, бұл проблеманы шешуді қаламағандықтан да қорқыныштан да болуы мүмкін. Бірақ сенің саған ұнамайтын нәрсеңді жәй ғана айтқаның үшін басыңды ешкім жұлып алмайды. Ашуланып, жаман адам, жаман құл болып кетпейсің. Тыныштал🫂

Әр жазбам әуелі өзіме арналады🤍


Эмоция.

Эмоцияңызды мынау жақсы, мынау жаман деп категорияға бөлмеңіз. ӘРБІР эмоцияның өз орны бар. Алла берген нығмет деп қабылдап, Алланың берген нығметіне баға бермей, оларды өз уақытында шығарыңыз. Сөзбен, іспен не термен. Тіпті жазып тастаңыз. Эмоцияларыңызды басып, басып өз ішіңізге үлкен қара түнек жаратып аласыз, қолдан жасайсыз. Өзіңізді түсінбеу, “не сезініп тұрсың” деген сұраққа білмеймін деп жауап беру осыдан пайда болады. Өз сезімдеріңізді, эмоцияларыңызды, жаман жақсы деп бөлмей, оларды баспай, шығарып үйреніңіз. Жеке басым ашуымды шығарумен әлекпін, тым жақсы қыздың рөліне кірген мен үшін ашулану, жеке шекарамды қорғау жаман нәрсе болып көрінетін еді. Өсіп, көріп, көзім ашылып, көкірегім оянып жатыр. Біле жүрейік💡✨🔑


Психика травмируется тогда, когда нападает тот, кто должен был защищать


Чемпион болу деген бір күні жеңілетініңді біле тұра бәйгеде шаба беру

(c) Halis Özdemir




Басқа адамға ауып жүрсе назарың
Өзіңді ұшта, өзіңді қайра жазарым
Басқаменен салыстырып өзіңді
Шындығына жеткізбестен көзіңді
Жазғырарсың Құдай берген бойыңды
Санаң, ақыл, түріңді һәм ойыңды
Күпірлік, наразылық қылмақ жоқ
Күнә атынан босат қане мойныңды

автор: мен, Руқайя

6k 0 32 7 166

«Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма, бізді разы қыл, бізден де разы бол!»

اللَّهُمَّزِدْنَاوَلَاتَنْقُصْنَا،وَأَكْرِمْنَاوَلَاتُهِنَّا،وَأَعْطِنَاوَلَاتَحْرِمْنَا،وَآثِرْنَاوَلَاتُؤْثِرْعَلَيْنَا،وَأرْضِنَاوَارْضَعَنَّا
«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә, уардыйна уардо ъанна. ..»

7.7k 0 91 1 174



Өмірімізде түрлі сынақтар болып жатады. Алла бірін баламен, бірін денсаулықпен, бірін махаббатпен, бірін жоқшылықпен сынайды. Ал енді сол сынақты Алла не мақсатта жібереді? Сынақ не үшін беріледі? Ақылыма мұның 3 себебі келді:

1. Аллаһ Тағала біздің дұғаларымызға жауап ретінде сынақтар жібереді екен.
Мысалы, сіз дұғаңызда көркем мінез сұрасаңыз, Алла сіздің мінезіңізді сынайтын, ашуыңызды келтіретін әртүрлі ситуациялармен сынайды. Сол кезде сабыр ете алсаңыз, ашу үстіндегі сөздеріңзіді өзіңізде ұстап қала алсаңыз, Алла сізді жаңа дәрежеге көтереді екен. Демек, сынақ - өсуге, өзгеруге Алладан келген мүмкіндік.
2. Егер Алла Тағала сізге бір дәрежені қалап қойса, онда сізді сол дәрежеге жеткеніңізше сынай береді. Сондықтан, егер сізге көп сынақтар келіп жатса сіз біліңіз, Алла Тағала сол дәрежеге сіз жетпейінше қоймайды. Ол сынақты сіз көтере алатын жақтан береді.
3. Ал енді бір сынақ қайталана берсе ше немесе ол өтіп кетті бірақ сіздің жаныңызға әлі де бататын болса, күрсініп еске алатын болсаңыз, демек ол ситуациядан түсінуіңіз керек бір хикмет бар. Аллаға “неге маған мұны жібердің, неге мен мұндай болып қалдым, неге мені мұнша қиандың” деп күпірлік айтудың орнына, осы ситуацияның хикметін сұраңыз. “Я Раббым, бұл оқиғамен маған не нәрсені жеткізгің келді, мен қалай өзгерейін, маған қандай нұсқау бересің, хикметін түсіндіріп қойшы” деп Алладан ситуацияның хикметін сұраңыз.
Егер өтіп кеткен сынақ, өміріңізде қазір жоқ нәрсе әлі де есіңізден кетпей, ол нәрселер жаныңызға батса, мына мысалға мән беріңізші:
“Назарыңыз қай жақта болса, сол жаққа сіздің энергияңыз кетеді. Ал энергияңыз қайда болса, сол нәрсе одан сайын өсе береді.”
Демек, біз өткен нәрседен сабақ алып, ой түйіп алға жылжығанда, назарды Алламен қарым-қатынасымызға, иманымыз бен өзімізге бұрғанда энергиямызда сол ағымен кетеді және сол жер өседі, дамиды, ұлғаяды, гүлденеді.
Ал барлық назарымыз әлі де сол өткен сынақта қалып қоя берсе, ол реніш, өкініш ұлғая береді.

Қортындылай келе, түйінді мына бір оймен жеткізгім келеді: өміріңізде болып жатқан барлық жайттар Аллаға жақындау, жақындату үшін болып жатқанын түсініңіз. Аллаға барыңыз, жалбарыныңыз, әлсіздігіңізді мойындаңыз. Сонда Алла сынағыңызды жеңілдетеді


Көпті білген адам емес, білгенін іске асырған адам ғана ұтады.

6.2k 0 32 5 128

Я до конца отрицала и не признавала но кажется у меня депрессия. Смысл теряется а вместе с ним и я..

6.4k 0 27 102 86

Таңғы зікірлер | утренние азкары




Біреуге берілген нығметті ішің күйіп қызғанба. Себебі, сен Алланың әлгіге бұл нығметті не үшін бергендігін білмейсің.

Басыңа түскен қасіретке де қайғыра берме. Себебі сен Алланың бұл қасіреттен кейін саған қандай нығмет беретіндігін білмейсің

8k 0 71 3 244



Оқуда жүріп анамды, әкемді, бауырларымды, жақынымды қатты сағындым😭❤️

Показано 20 последних публикаций.