Әрине, өткенімді қайтара алмаймын. Өткен өмір стильімді де, адрес, жер, адамдарымды. Алайда менде мен бармын, Алла бар, өмір сүруді жеңіл ететін мүмкіндіктерім бар. Олармен өмірімді өз көзімде әдемі етіп ала аламын. Өміріме шүкірсіз бола бермеймін, енді өзім үшін өмірімді өзім сәндегім келеді, Алланың көмегімен. Қатып қалған ережелермен емес, маңызды дүниелерге түкірумен емес, орта жолды таңдаймын. Өмір сүруді де ұмытпаймын, бір нәрсеге кіріп кетпеймін, бәрінің дәмінен тата беремін. Басқалардың мен жайлы ойына бас қатырмаймын, өмірімдегі, айналамдағы хаосты жәймендеп реттеймін, ешкімге ұнауға тырыспаймын, өзіме сыртқылардың көзімен қарамаймын, өзімнің + кезімде қандай екенімді есіме түсіремін, өмірімді өз қолыма ала бастаймын, тізгін өзімде. Арманымды орындаймын, бақытты болу үшін қолымда бары жеткілікті. Мені үнемі бақытты етіп келген - естеліктерім. Жаңа естеліктер жинайтын сәт келді.
3-4 ай көлемінде ұйқыда болдым, көзім жылау мен сағыныштан көз ашпады. Үлкен революциядан өткен мемлекеттей өмірімдегі бұл өзгеріске үйренісу оңай болмады. Есімді жидым. Ояндым.
3-4 ай көлемінде ұйқыда болдым, көзім жылау мен сағыныштан көз ашпады. Үлкен революциядан өткен мемлекеттей өмірімдегі бұл өзгеріске үйренісу оңай болмады. Есімді жидым. Ояндым.