✨✨✨
📌
АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕРАса қамқор, ерекше мейірімді, бүкіл әлемді аса шеберлікпен жаратқан, адамды сол жарытылыстың абзалы етіп, оған сансыз нығметтер берген Алла Тағала бүкіл мақтаулар мен мадақтарға лайық. Алла Тағала адам баласын қандай көркем бейнеде жаратқан болса, адам баласы Оған қатысты әдептерді де сондай ең көркем дәрежеде атқаруы қажет. Өйткені Алла Тағалаға қатысты әдептер - Ислам әдептерінің барлығын толығымен қамтитын, негізгісі әрі маңыздысы саналады.
Құранда баяндалған пайғамбарлар қиссасына назар аударсақ, Алланың сүйікті құлдары болған пайғамбарлардын Алла Тағалаға қатысты әдептерді аса ұқыптылықпен атқарғандығын байқауға болады. Мысалы, Құранда Ибраһим пайғамбардың: «...
Ол мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді. Ол мені тамақтандырып, сусындандырады. Ол ауырған болсам, шипа береді» (
11), - деп айтқандығы баяндалады. Аятта Алла Тағалаға қатысты: «
Мені жаратқан», «
Маған тура жол береді», «
Мені тамақтандырып, сусындандырады» деп айтылғанымен, сырқат мәселесінде «
маған ауру берсе» деп емес, «
ауырсам» деп келуінде үлкен әдеп бар. Жамандық адамның өзінің істеген ісінің себебімен келетіндіктен, ол Алла Тағалаға қатысты етіліп айтылмайды. Абай атамыз: «
Ауруды жаратқан - Құдай, ауыртқан Құдай емес», - деуі осыдан. Құран аятында: «
Саған нендей жақсылық келсе, Алладан, ал бір жамандық келсе, өзіңнен» (
12), - делінген. Құранның беташары болған, «Фатиха» сүресінде де, осы әдеп үйретіліп: «
Бізді тура жолға бастай гөр. Қаһарыңа тап болғандар мен адасқандардың жолына емес, Өзің нығметке кенелткендеріңнің жолына баста» (
13), - деп айтылады. Бұл аяттарда тура жолдағылар жайлы: «
Нығметке кенелткендеріңнің», деп тура жол Алла Тағаланың қалауымен болатындығы айтылып, ал ашуға ұшырағандар мен адасқандарға қатысты: «
Өзің қаһарына ұшыратқан», «
Өзің адастырған» делінбейді. Тек: «
қаһарына тап болғандар» немесе «
адасқандар» деп, өздерінің істері себепті осылай болғандығы меңзелген.
Исламның барлық әдептері осы Алла Тағалаға қатысты әдептен бастау алады. Мысалы мешітке баратын адамнын киім кию әдебіне қатысты Құранда: «
Әрбір мешітте (таза әрі әдемі)
киімдеріңді киіңдер» (
14), делінген. Яғни, мешітке Алла Тағалаға құлшылық қылуға баратындықтан әдемі әрі таза киім кию қажеттігі меңзеліп тұр. Сол сияқты ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «
Кімде-кім сарымсақ, жуа, пияз жеген болса, біздің мешіттерімізге жақындамасын», деп, мешітке бұндай заттарды жеп баруға тыйым салған. Жаман иіс періштелерді қашырады, мешітке келушілерге де жағымсыз әсер қалдырады. Дегенмен, бұл хадистің негізгі мақсаты - Алла Тағалаға құлшылық жасалатын қасиетті жерде жаман, жағымсыз иістердің болуына жол бермеу.
Мұсылманның құбылаға қарап дәрет сындырмауының себебінде
де Жаратушыға деген әдеп жатыр. Өйткені құбыла - Алла Тағалаға құлшылық жасалатын тарап. Осы сияқты мұсылманның ата-анасын сыйлауы, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен жақсы қарым-қатынаста болуы, бауырмашылдық сақтауы сияқты әдептерге аса мән беруі - ол әдептерді әлемдердердің Раббысы Алла Тағаланың бұйырғандығынан.
Ендеше, Алла Тағалаға деген әдептер Исламның барлық әдептерін қамтитын негізгі әдеп болғандықтан, әрбір мұсылманның бұл әдептерді білуі әрі амал етуі аса маңызды.
❗(11) «Шұғара» сүресі, 78-80-аяттар;
❗(12) «Ниса» сүресі, 79-аят;
❗(13) «Фатиха» сүресі, 6-7-аяттар;
❗(14) «Ағраф» сүресі, 31-аят;
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris