✨✨✨
📌АЛЛА ЕЛШІСІНЕ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР
1️⃣0️⃣-АЛЛА ЕЛШІСІНЕ (С.Ғ.С) ЖӘРДЕМДЕСУ
Мұсылман адам Ислам насихатына жәрдемдесу арқылы, Құранға және Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан сөздері мен істеген істеріне амал етуімен Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көмектескен болады. Қасиетті Құранда: «Олар, сондай жандарындағы Тәуратта және Інжілде жазулы жіберілген, «үмми» (еш уақытта оқымаған, жазбаған) Елшіге ергендер. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оларды жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыяды. Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылады. Олардың үстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп) шиелініскен нәрселерді шешеді. Енді соған сенгендер, олар оған құрмет етіп әрі оған көмек көрсеткендер, сондай-ақ оған түсірілген нұрға (Құранға) ергендер, міне солар құтылушылар» (66), - делінген.
❗(66) «Ағраф» сүресі, 157-аят;
©Думан Сайфулла
📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"
https://t.me/adep_daris