Бүгін Ақтөбе қаласында «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы аясында жарық көрген 16 кітаптың тұсаукесері өтті
Біз осы жоба аясында «Алаш ардақтысы (Әбубәкір Алдиярдың өмірі мен шығармағылығы)» атты еңбегімізді дайындаған болатынбыз.
Әбубәкір Алдияр қазақтың тұңғыш екі жоғарғы білімі бар дәрігері, жазушы, публицист, фольклортанушы, мәдениеттанушы алаш қайраткері еді. Оның еңбектері бұрын соңды жарық көрмеген, есімі ескерусіз қалған, толық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген, оқырманға беймәлім тұлға еді. Ресей қалаларынан табылған архив құжаттары мен материалдар арқылы Әбубәкірдің тұлғасы айшықталып, оқырманға жаңа туынды жол тартатынына бек қуаныштымыз.
Жас қаламгер мен зерттеушілерге осындай үлкен мүмкіндік сыйлаған Қазақстан жазушылар одағына, Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов және аталған жобаның жетекшісі, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, ұстазымыз Елдос аға Тоқтарбайға айрықша алғыс білдіреміз