🇰🇿 Имам Ағзам Абу Ханифа ұстазы Хаммадтың фықых мәжілісіне қатыса бастаған кезде жасы 21 -де болатын. Оған дейін ол Кәләм ілімімен айналысып жүрген. Күндердің бір күні ол атақты табиғин ғалым Шағбимен кездесіп қалады. Ғұлама Шағби Имам Ағзамның бойындағы даралықты аңғарады. Фықыхқа деген қабілеті анық көрініп тұрды. Сол үшін ол Имам Ағзамға фықыхты қолға алуға кеңес берді. Осылайша 21 жасында Имам Ағзам Куфада Хаммад ибн Абу Сүлейменнің мәжілісіне қосылады. 19 жыл ұстазынан айрылмай білім мәжілісіне қатысады. Ұстазы қайтыс болған кезде мәжілістің басына Имам Ағзам шығады. Ол кезде оның жасы 40 - қа толған еді.