Әлиев, Путин және Тоқаев Ақтау маңындағы ұшақ апаты жайлы қандай саяси шешімге келетіні әзірге белгісіз.
Белгілісі – Әзірбайжан билігі “ұшақ апатына құстар себеп болды” дегенді жалғыз нұсқа деп қабылдамайтынын көрсетті. Ресми мәлімдеме шықпай тұрып Батыс медиасымен тілдесу арқылы олар Мәскеуге сигнал жіберді. Баку Ресейдің әуе күштері әдейі болмаса да апатқа себеп болды дегенді Кремльдің мойындағанын көргісі келетіндей. Түбінде осылай болатын да секілді.
Егер Баку мен Мәскеудің мәлімдемесі екі түрлі болса, шетелдіктерді шаңыраққа қаратқыш, “халық сайлаған” депутаттар “құстар ұшақ апатына себеп болды” деген нұсқаны ғана қабылдап, қалған варианттарды спекуляция дей ме екен? Әлде қаза болған 6 қазақстандықтың әруағы үшін, олардың жақындарының құқығын қорғау үшін ашық әрі әділ зерттеуді талап ете ме екен?
Әрине, бұл – “Жаңа Қазақстандағы” риторикалық сұрақтар.
Өйткені қазіргі парламент депутаттар халық атын жамылып президенттің саясатын бір ауыздан қолдайтын, қызыл тілге сүйенетін, арзан шоу жасайтын орын болып тұр.