Әлиевтің Тоқаевтан айырмашылығы
Әзербайжанда да, Қазақстанда да авторитар жүйе билік құрып отыр.
Басты айырмашылық – Әлиевтің билігі азаматтардың шынайы қолдауына ие. Былтыр Таулы Қарабахты қайтарған соң Ильхам Алиев ұлт қаһарманына айналды десе болады.
Менің ойымша, Таулы Қарабахты қайтару жолында Әзербайжан екі нәрсені жақсы меңгеріп алды.
Біріншісі – халықаралық аренада сапалы ақпараттық кампания жүргізу, мемлекет пен саяси режимнің имиджін жасау. Осы мақсатта Баку шетелдік лоббистермен, заңгерлермен, PR компаниялармен тиімді жұмыс істей алатын болды.
Екіншісі — ұлттық мүдде үшін күресу. Өз пайдасы үшін Ресеймен де, Батыспен де, халықаралық ұйымдармен де келіссөз жүргізуді үйренді. Тіпті Таулы Қарабах үшін соғыс жүріп жатқанда Арменияның ЕАЭС пен ОДКБ бойынша одақтасы Беларусьтен қару сатып алған кезі де болған.
Одан бөлек, Әзербайжан Ресей депутаттарының провакациясын Кремльдің көзқарасы емес деп жылы жауып қоятын ел емес.
Мәселен, 2022 жылы Әзербайжан билігі Госдума депутаты Михаил Делягинге көкесін танытқан. Дәлірек айтқанда, Ресей депутаты “Россия 1” арнасында Таулы Қарабахтағы іс-әрекеті үшін Әзербайжанның мұнай және энергетика инфрақұрылымын жайрату керек деген. Артынша Әзербайжанның Бас прокуратурасы Делягинге қылмыстық іс қозғап, сот шешімімен Интерпол арқылы оған халықаралық іздеу жариялады. Путиннің баспасөз хатшысы Песков пен РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Захарова Делягиннің пікірі Мәскеудің ресми позициясы емес деп ақталған. Тіпті Захарова Делягиннің мәлімдемесін “жауапсыз” деп сипаттап, Дума басшылығы түсініктеме беруі керек деген. Депутатты әріптестері де артық кетті деп сынаған. Шарасы қалмаған Делягин “Говорит Москва” радиосында Әзербайжан халқынан кешірім сұрауға мәжбүр болды. Одан қалса, “Справедливая Россия” партиясы басшыларының бірі Ресейдегі Әзербайжан елшісінен өз партияласы Делягиннің қылығы үшін кешірім сұрады.
Елдің егемендігі мен ұлттық намысы үшін сөзбен емес, іспен күрес деген осы.
Айтпақшы, И.Әлиев Қ.Тоқаев секілді МГИМО түлегі және кәсіби дипломат. Екі елдің де парламенті президентке тәуелді.
Алайда, көріп отырғанымыздай, ұлттық мүдде мен азаматтарының құқығын қорғау дегенді екі елдің президенті мен депутаттары екі түрлі түсінетін секілді.