"Қаза тапқандардың бесеуі оқушы"
Ақтөбеде 8 адам қаза болған жол апатына қатысты үкім шықты. 37 жастағы жүргізуші Сергей Соловьев Беларусь елінің тумасы. Ол 5 жылға сотталды. Енді сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді. Ол жәбірленушілердің отбасына 55 миллион теңге моральдық және материалдық шығын өтеуі тиіс.
Айта кетейік, жол апаты 7 тамызда болған еді. Жүк көлігі Самара – Шымкент бағытындағы жолда қарсы бағытқа шығып кеткен. Осылайша қарама-қарсы келе жатқан "Toyota Ipsum" көлігіне соқтығысқан. Сол сәтте көлік ішінде 7 жолаушы болған. Оқиға орнында жүргізуші мен жолаушылардың бәрі көз жұмған. Қаза болғандар арасында жарысқа бара жатқан оқушылар болған.
t.me/stankznews