Жаңалықтар - Stan.kz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Желіде Vanil косметика дүкенінің ұтыс ойынын өткізген сәтінің видеосы тарады. Кадрлардан қыздың жеңімпазды таңдау кезінде киім жеңінің астына жасырған қағазын ала-алмай жатқанын байқауға болады. Ол қорапшаны араластырғандай болып, жеңінің астына жасырған қағазды алып шығып, жеңімпаздың атын атайды.

Бұл жағдай желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті. Бірі косметика желісін сотқа беру керек десе, енді бірі аталған жағдайға модель қызды кінәлап отыр.

Косметикалар желісінің басшысы Дина Қоңырованың сөзінше, қазіргі уақытта модельмен келісімшарт бұзылған. Қазір жаңа модель мен SMM іздеп жүргенін айтты.

Ол бұған дейін ұтыс ойындарын өткізгенін, мұндай қиындықтарға тап болмағанын айтты. Ал мына жағдайдан кейін өзім де шок алдым, дейді. Тікелей эфирді қайталап көріп, купонның жең астында тұрғанын кейін байқапты. Сондай-ақ ол әрбір қазақстандықтан өз жұмысын адал атқаруды сұрады.

t.me/stankznews


Қызылордада дәрігерлер жаңа туған нәрестенің аяғын күйдіріп тастаған

Жәбірленушінің жақыны Әйгерім Әбілтаеваның айтуынша, осыдан бірнеше күні бұрын аяғы ауыр келінінің қысымы көтерілген. Сосын аудан дәрігерлері оны шұғыл түрде облыстық перинаталдық орталыққа жіберген. Әйелге кесарь тілігін жасап, босандырған.

“Біз ауруханаға барғанда келініммен де, дәрігерлермен де кездестірмеді. Кейін сәбидің кувезде жатқанын, жағдайы ауыр екенін білдік. Күні кеше келінім жылап телефон соғып, баланың аяғы күйіп қалғанын айтты”, – дейді әйел.
Дәрігерлер баладан анализ алмақ болғанда өкшесін спиртпен күйдіріп алған. Сөйте тұра анаға баласын бермей қойған. Тіпті жөргегін ауыстыруға рұқсат етпеген.

Облыстық перинаталдық орталық қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қызметкерлерге тиісті шара қолданамыз, дейді.

t.me/stankznews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
💬 “Анамнан басқа ешкімім жоқ”

Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Бақыт Реимованың баласы Тоқаевтан көмек сұрады.

Ол анасы жалғыз асыраушысы екенін, оны Қазақстаннан шығармауын сұрады. Сондай-ақ ол анасын елден шығарса 5 жылдан аса көре алмайтынын жеткізді.

Шерзат Полаттың әкесі желтоқсанның соңында бостандыққа шығады

Айта кетейік, Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов "Бұзақылық" бабы бойынша қамауға алынған еді. Ал қарындасы Бақыт Реймова “Митингке шақыру” бабы бойынша 15 тәулік қамалып, елден шығарылатыны айтылған. Қарындасы Салтанатқа 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынған.

t.me/stankznews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
❗️❕‼️🔺

Бір күн шаңғы тебуге 17 500 теңге: Алматылық тау-шаңғысы курорттарында демалу құны қанша

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы бағаның көтерілуі қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Осы орайда Stan.kz ақпарат агенттігі белгілі Oi-Qaragai, “Ak Bulak” сынды демалыс орындарының бағасына шолу жасап көрді.

TikTok аккаунттарда көбі бағаның өсетінін білгенін, алайда күрт көтерілетінін күтпегенін жеткізді.

👉👉👉👉 СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз!

t.me/stankznews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Алаяқ зейнеткерді алдаймын деп, полиция қызметкеріне тап болды

Желіде полицей формасын киген ер адамның зейнеткерді алдамақ болған видеосы тарады. Алайда ол нағыз полицейге тап боларын білмеген сыңайлы.

Алаяқ дипфейк технологиясы арқылы полиция қызметкерінің түрін қолданған. Онымен сөйлескен учаскелік полицей қазақша сөйлеуді өтінгенде, алаяқ әңгімені тоқтатып, телефонды қоя салған.

t.me/stankznews


🌍🌐 Бейсенбі күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды:

🔶
Қостанайда науқастың шақыртуына барған жедел жәрдем қызметкері соққы алып, ауруханадан бір-ақ шықты

🔶 Қазақстан Орталық Азияда интернет жылдамдығы бойынша көш бастап, елдегі ұялы байланыс нарығында Tele2 ең жылдам ұялы байланыс провайдері атанды

🔶 Alibaba International компаниясы Қазақстанға салық төлейтін болды

🔶 Маңғыстауда әкімдік алдында өзін өртеп жіберген ер адам қайтыс болды

🔶 Астанада Қорғаныс министрлігінің офицері 8 жасар баланы зорламақ болды деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды

🔶 Ақтөбеде 8 адам қаза болған жол апатына қатысты үкім шығып, 37 жастағы жүргізуші 5 жылға сотталды

🔶 Марқұм Шерзат Полатқа арнап рэп айтқан блогер айыппұл арқалады, ал марқұм жасөспірімнің әкесі Қаржаубай Нұрымов желтоқсан айының соңында бостандыққа шығатын болды

🔶 Сәтбаевтағы "Қазақмыс" кеншілері жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты, ал Еңбек министрлігі оларды еңбек заңнамасын бұзды деп айыптады

🔶 2025 жылы айыппұлдар, утильдік алым мөлшері мен автокөлікті тіркеу бағасы қаншалықты өсетіні анықталды

t.me/stankznews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🥶Ақтөбе облысында аязда баланы жартылай жалаңаш көшеге алып шыққан әйел желідегілерді ашуландырды

Әйелдің өзі қыстық киім киіп алған ал баланың үстінде футболка мен іш киім ғана.

“Жанынан өтіп бара жатқан әйелдің “қатып қалатын болды ғой” дегеніне әйел "қатып қалсын” деп жауап берген”, – дейді желідегі куәгерлердің бірі.


Видеодағы әйелдің Әлмира Назарова екені белгілі болды.

"Оны ешкім көшеге шығарып жіберген жоқ. Бала қашып кеткен жерінен ұсталып, үйіне жеткізілді. Ешкім сіздің пікіріңізді сұрамады", — деп жазды Альмира Назарова.


t.me/stankznews


Қазақстанда уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты кафелер мен мейрамханалар жаппай жабылып жатыр

Қоғамдық тамақтану және бөлшек сауда қауымдастығының өкілі Ольга Юрковскаяның айтуынша, республикадағы уақыт белдеуі өзгергеннен кейін Қазақстандағы кафелер, мейрамханалар мен сұлулық салондарына сұраныс азайған.

“Бизнес банкротқа ұшырауда, кафелер, барлар, мейрамханалар мен сұлулық салондары жабылып, сатылып жатыр. Клиенттер аз. Адамдарға қажет емес. Адамдар бір жерде тамақтануды, көңіл көтеруді немесе демалу үшін бір жерге бару керек деп ойлауды қойды. Адамдар үйіне қайтып, ұйықтағысы келеді", – дейді Ольга Юрковская.


t.me/stankznews


‼️Петропавлда сот төрағасы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды

19 желтоқсанда ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша ішкі қауіпсіздік бөлімі бірлескен операция өткізген.

"Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б., соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды”, – делінген жоғарғы сот хабарламасында.


t.me/stankznews


❓ 2025 жылы айыппұлдар, утильдік алым мөлшері мен автокөлікті тіркеу бағасы қаншалықты өседі

2025 жылы бір АЕК 3 932 теңге болады. АЕК құны осылайша 240 теңгеге артпақ. Демек, келер жылы құқық бұзған жағдайда жүргізушілер мен автокөлік иелеріне, жаяу жүргіншілерге, қоғамдық тәртіпті бұзғандарға салынатын айыппұлдардың мөлшері де артады.

❓ Жол қозғалысын бұзғандар үшін айыппұлдардың мөлшері қандай

10-нан 20 км/сағатқа дейін арттырғаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге);

20-дан 40 км/сағатқа дейінге – 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады;

ал 40 км/сағат – 20 АЕК (78 640 теңге) дейін өседі;

бір жыл ішінде қайталап бұзғандарға айыппұл 30 АЕК-ке (117 960 теңге) дейін артады;

Толығырақ ФОТОДАН көре аласыз!

t.me/stankznews


Елімізде пәтер өзін-өзі ақтауы үшін оны қанша уақыт жалға беру керек

Сарапшылардың пікірінше, елдегі орташа өтелу мерзімі - 9 жыл 6 ай. Жалға берілетін пәтерді алудың ең тиімді жолы – Көкшетауда. Мұнда өтелу мерзімі – 8 жыл. Екінші орында Ақтөбе қаласы, 8 жыл 7 ай. Ал үшінші орында Қостанай, 8 жыл 9 ай. Ең ұзақ өтелу мерзімі Ақтауда – 11 жыл 9 ай.

Сондай-ақ өтеу мерзімі ең ұзақ қалалар арасында:

🔶 Ақтау – 11 жыл 9 ай;

🔶 Шымкент – 11 жыл 3 ай;

🔶 Алматы – 10 жыл 7 ай.

Көкшетау, Ақтөбе және Қостанай өте қысқа мерзімге байланысты жалға берілетін жылжымайтын мүлікке инвестиция салу бойынша ең жақсы қалалар санатында.

Пәтерді жалға алу тиімсіз қалалар: Ақтау, Шымкент және Алматы. Олардың өтелу мерзімі 10 жылдан асады.

t.me/stankznews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Сәтбаевтағы "Қазақмыс" кеншілері жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты

Ереуілге 18 желтоқсан таңғы 7-де "Оңтүстік-Жезқазған" мен "Жыланды" кенішінің жүздеген кеншілері шықты. Олардың талабы:

🔶 Корпорацияның кейбір кеніштерін оңтайландырып, жұмыс жағдайын жақсартсын;

🔶 Гигиеналық құралдар таратып, киім кептіруге арналған шкафтар орнатсын;

🔶 Жер астында жұмыс істейтін топтың еңбек демалысын жер қазушылармен теңестірсін. Демалыс 54 күн болсын;

🔶 Автобусқа мінген сәттен бастап "Жомарт" пен "Шығыс Сарыоба" кен орындарына барар алдында жұмыс уақытын жазуды қолға алсын;

🔶 Қазір жалақы 1 миллион 200 мың теңге. Оны 100 пайызға көтерсін.

"Қазақмыс" корпорациясы кеншілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. Олардың сөзінше, 2025 жылы қаңтардан бастап орташа жалақы 822 мың теңгеге, ал жерасты жұмысшылары үшін — 1 303 000 теңгеге дейін көтеріледі, дейді.

Жұмысшылар ешқандай жиналыс болмағанын, ереуілді әрі қарай жалғастыратынын жеткізді.

t.me/stankznews


Шерзат Полаттың әкесі желтоқсанның соңында бостандыққа шығады

Ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті.

"Әкімшілік сот шешімімен Шерзат Полаттың әкесі 15 тәулікке қамауға алынды. Сот шешімі бойынша ол мерзімі аяқталған соң – осы айдың соңында босатылады", - деді ол.


Бұған дейін, Қаржаубай "Бұзақылық" бабы бойынша, қарындасы Бақыт Реймова “Митингке шақыру” бабы бойынша 15 тәулік қамауға алынған еді. Ал қарындасы Салтанатқа 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынған.

t.me/stankznews


Марқұм Шерзат Полатқа арнап рэп айтқан блогер айыппұл арқалады

Талдықорған қаласының тұрғыны Кәрім Асылбеков бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан Шерзат Болатты еске алып, рэп айтқан. Дегенмен, артынша ол облыстық әкімдік ғимаратынды.

Сөзінше, қазір трек сараптамаға жіберіліпті. Егер ол жерден боғауыз сөз табылса, Асылбеков 5 АЕК-ке (18 мың теңгеден аса) дейін айыппұл арқалайды.

t.me/stankznews


"Қаза тапқандардың бесеуі оқушы"

Ақтөбеде 8 адам қаза болған жол апатына қатысты үкім шықты. 37 жастағы жүргізуші Сергей Соловьев Беларусь елінің тумасы. Ол 5 жылға сотталды. Енді сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді. Ол жәбірленушілердің отбасына 55 миллион теңге моральдық және материалдық шығын өтеуі тиіс.

Айта кетейік, жол апаты 7 тамызда болған еді. Жүк көлігі Самара – Шымкент бағытындағы жолда қарсы бағытқа шығып кеткен. Осылайша қарама-қарсы келе жатқан "Toyota Ipsum" көлігіне соқтығысқан. Сол сәтте көлік ішінде 7 жолаушы болған. Оқиға орнында жүргізуші мен жолаушылардың бәрі көз жұмған. Қаза болғандар арасында жарысқа бара жатқан оқушылар болған.

t.me/stankznews


Елордада Қорғаныс министрлігінің офицері 8 жасар баланы зорламақ болды деген күдікпен ұсталды

Желіде Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің батальон командирінің подполковник шеніндегі орынбасары Астанадағы ауруханда 2016 жылы туған баланы зорламақ болған деген ақпарат тарады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері ұсталды. Ол сот санкциясымен қамауға алынды.

t.me/stankznews


⚖ Абай облысында 12 жастағы өгей қызын зорлаған педагог өмір бойына сотталды

Сот мәліметінше, ер адам жұбайының жоқтығын пайдаланып үйде шарап ішіп, 12 жасар өгей қызын шарап ішуге мәжбүрлеген. Біраз уақыттан соң диванда жатып жәбірленушіні шақырып, телефоннан фильм көруге қасына жатқызған. Сосын қарсылық пен айқайына қарамастан, оның киімін шешіп, жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасаған. Осылайша өгей қызына физикалық зақым келтірген.

Сотталушы кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінішін білдірді. Нәтижесінде, ол өмір бойына сотталды. Сондай-ақ педагогикалық қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

t.me/stankznews


‼️ Маңғыстауда әкімдік алдында өзін өртеп жіберген ер адам қайтыс болды

Әзірге ресми органдар мәлімдеме жасамады. Аурухана басшылығы бұған дейін ер адамның жағдайын ауыр деп бағалаған еді.

Айта кетейік, 5 желтоқсанда ер адам әкімдік ғимаратының жанында өзін өртеп жіберген еді. Әкімдік мәліметінше, Е. есімді азамат әкімдік ғимаратына келіп, әкіммен кезіккісі келетінін айтқан. Алайда олар әкімнің бүгін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдамайтынын жеткізген. Сосын белгіленген күні келуін сұраған.

Дегенмен, оны Қарақиян ауданы әкімінің орынбасары қабылдаған. Бұған қанағаттанбаған азамат жанғыш қоспаны шашып, өзін өртеп жіберген.

t.me/stankznews


Alibaba International компаниясы Қазақстанға салық төлемек

Еліміздің Қаржы министрлігі Alibaba International Digital Commerce Group компаниясымен кездесу өткізді. Екі ел өкілдері кездесуде цифрлық экономикадағы халықаралық салық салуды дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ елдегі электрондық коммерция саласындағы салық заңнамасы мен әкімшілендірудегі соңғы өзгерістерді сөз етті.

Нәтижесінде, Alibaba International Digital Commerce Group компаниясын қосылған құн салығын төлеуші ретінде шартты тіркеуге қою туралы шешім қабылданды. Бұл Қазақстандағы салық әкімшілендіруде ашықтықты арттыруға және әділ салық салуға ықпал етеді.

t.me/stankznews


🤳 📉 Қазақстан Орталық Азияда интернет жылдамдығы бойынша көш бастады

Ookla (Speedtest Intelligence) жүргізген зерттеуге сәйкес, Қазақстанда интернет жылдамдығы 2024 жылдың үшінші тоқсанында 53,26 Мбит/с болған. Бұл басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Елімізден кейін үшінші тоқсанда интернетінің орташа жылдамдығы 41,36 Мбит/с болған Қырғызстан тұр. Өзбекстанда бұл көрсеткіш небәрі 38,96 Мбит/с жетті.

Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстандағы ұялы байланыс нарығы жоғары бәсекеге қабілетті. Нарықта Tele2, Kcell және Beeline сынды үш оператор бар. Олардың арасында Tele2 ең жылдам ұялы байланыс провайдері атанды.

Speedtest Intelligence дерегіне сүйенсек, бұл оператордың орташа жылдамдығы 2024 жылдың бірінші жартысында 55,12 Мбит/с болды. Екінші орында Kcell 48,70 Мбит/с. Beeline 27,94 Мбит/с жылдамдықпен үшінші орында.

Сондай-ақ Tele2 елдегі әрі Орталық Азиядағы ең жылдам ұялы байланыс операторына айналды.

❓ Қазақстанда интернет жылдам дегенмен келісесіз бе

t.me/stankznews

Показано 20 последних публикаций.