жаныңның қатпарларында жасырынып қалған ең аяулы сезімдеріңді… өзге түгілі өзіңнен қызғыштай қорып келген сезімдерді кейде бірер нота әлде бір өлең ақтара салатын сияқты. осындайда шырқырап жатқан жаның одан сайын ауыра түскенін қалайсың. қазынасынан айырылған қарақшыдай ішке бүккен сырыңды үш қайнаса сорпасы қосылмайтын біреу ақтарып тастайды кеп.