Айтпақшы, бүгін Қазақстанның батыс өңірлерінде кеңінен аталып өтетін Амал мерекесімен баршаңызды құттықтаймын! Бұл күні біздің Маңғыстау жақтың да халқы таң атқаннан бастап қол алысып көріседі. Жыл құтты болсын айтып, мәз-мейрам боп құшақтасып, ежелден қалған өкпе-ренішін ұмытып, бір-біріне амандық-саулық, елдің тыныштығын, бастың бүтіндігін тілейді. Ендеше, сіздерге де осы бір керемет, жаймашуақ мереке құтты болсын дегім келеді. Диджитал көрісті деп есептерсіздер:)))