Ассалаумағалейкум, достар. Енді санаулы күндерден кейін айлардың сұлтаны, мұсылманның аңсап күтер сағынышы - Рамазан айы басталады. Соған орай, осыдан 5-6 жыл бұрын өзімнің бастамаммен ағылшыншадан қазақшаға аударылып, редактіленіп, түптелген "Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес" атты кітапты назарларыңызға ұсынбақпын. Шама келгенше, репост жасап, жаңадан бастап ораза ұстағысы келетін немесе жыл сайын үздіксіз ораза ұстап жүрген таныс-достарыңызға жіберсеңіздер, сауап болар еді. Рахмет. Ниеттеріңіз қабыл болсын.