ТМД-дағы МЛМ нарығы
Қазіргі таңда Қазақстан МЛМ нарығындағы бәсекелестік өте күшті қарқын алып тұр. Әрбір жаңа компания "ғаламат" маркетинг-жоспарын алға тартып, дистрибьюторларына ақылға қонымсыз төлемақылар ұсынып жар салуда. Алайда, мұндай "жомарттық" жобаның ғұмырын қысқа қылары сөзсіз. Бұрын мұндай жобалар Украинада жиі құрылатын, алайда соғыс басталғалы олардың орталығы Қазақстанға ауысты.
Бұл сияқты жобалардың негізін қалаушылар — желілік бизнесте тәжірибесі бар, тіпті, алаяқтық үшін сотты болған адамдар. Мәселен, нарықта былтыр ғана пайда болған "Астер" компаниясы. Ондай компаниялардың көбінде кәсіби команда жоқ, сондықтан күтпеген жерден қаржылық қиындықтарға душар болып жатады. Төлемдерді тауар айналымының 80-90%-ынан бастайды да, 100%-ға жеткенде, кассалық алшақтыққа тап болады. Бәлкім, соңы немен аяқталатынын біле тұра, сондай әрекетке баратын шығар, кім білген?!
Олардың мақсаты — алғашында барлығын қомақты қаржыға қарқ ететін, алайда бір жылға жетпей құрдымға кететін пирамидалық жалған жоба құру. Маркетинг-жоспарында астыртын кілтипаны бар мұндай жобаларды ешқандай білікті қаржыгер де, маркетолог та құтқара алмайды.
Ал олардың мақсатты аудиториясы — классикалық компанияларда тауарайналым жасаудан және үнемі адам шақырудан шаршаған желілік бизнес өкілдері. Оларды "Сізге адам шақырудың қажеті жоқ" деген ұран еліктіреді. Мұндай жобаларға қатысушылардың көбі бір сәттік пайда іздейді, біраз қиындық кездессе, атақ-абыройдан жұрдай болып, бизнесін тастап кете барады.
Желілік бизнесте жетістікке жеткен жандар тұрақты тауар айналымы мен клиенттік базасы бар мықты компанияның мұрагерлікпен мирас етілетінін, әрі ондаған жылдар бойы үздіксіз табыс көзіне айналатынын жақсы түсінеді. Біз де дәл сондай компания құруымыз керек.
🇷🇺 Текст на русском выше ⬆️