🇰🇿 Өкпе-ренішті сіздің өзіңізбен бірге алып жүрген қол сөмкеңіз деп елестетіңіз. Егер біреу сізге ұнамайтын бірдеңе істесе немесе айтса, сіз ол "сөмкені" аласыз ба, жоқ па, оны өзіңіз шешесіз. Реніш — болған оқиғаны жағымсыз жағдай ретінде қабылдап, өзімен бірге "арқалап" кеткісі келетін адамның таңдауы. Бірақ, ол сөмкені өзіңізге масыл қылып алып жүру немесе сол жерде қалдырып кету — өз еркіңізде.
Егер ойлап қарасаңыз, ол өкпе-реніштен сіз "ренжітті" деп ойлаған адам емес, ренжіген өзіңіз көбірек жапа шегесіз. Өйткені, сіз оны уайымдап, ашуланып, ойыңызда әр нәрсені құрастырып, бекерге күш-қуатыңызды сарп етесіз. Ал өмірде көңіліңізге алмай, жай ғана қабылдауға болатын жайттар көп.
Біздің дүниетанымымыз да, көзқарасымыз да әртүрлі: біреуді ренжіткен оқиға, басқа біреу үшін жай ғана болмашы нәрсе болуы мүмкін. Егер сіз біреуге ренжісеңіз, демек, ол — біреудің әрекеті емес, сіздің оқиғаны қабылдауыңыз. Өйткені, біз біреудің іс-әрекетін емес, өзіміздің ойымыз бен реакциямызды ғана басқара аламыз.
🇷🇺 Текст на русском языке выше ⬆️