🇰🇿 Сіздерге өздерін әрдайым "маңызды тұлға" ретінде көрсеткісі келетін адамдар кездесті ме? Олар дін туралы да, түрлі бизнес-бағыттар жайлы да, қоғамдық қызметтер туралы да сөз қылып, өзінің барлық саладан хабардар екенін көрсетуге тырысады. Алайда, жақынырақ үңіліп қарасаңыз, оның айтқандарының бәрі іс жүзінде емес, сөз жүзінде ғана екенін көресіз. Нақты нәтиже де, мақсат та жоқ, — тек "құнын асырғысы" келеді.
Бұрын мен де сондай болатынмын. Әрдайым басқаларға ерекше әсер қалдыруға, табысты адам ретінде көрінуге, сол "іздеген адам болуға" тырысатынмын. Сөйтіп сағым қуып жүріп, талай уақытымды жоғалттым. Бір сәтте барлық жерде болуға тырысамын деп, ештеңені соңына дейін жеткізбедім. Ал уақыт зымырап өте берді.
Ондай кезде айналаңдағы келеңсіздіктерді көрмейсің. Өз-өзіңмен жұмыс істегеннің орнына, өзгелерді (өзіңді де!) "табысты адам" екендігіңе сендіруге тырысасың. Дегенмен, ерте ме, кеш пе шындықтың беті ашылады. Сонда не болатынын білесіз бе? Текке кеткен уақыт, көзден бұлбұл ұшқан сағым, үзілген үміт пен бүлінген сенім ғана қалады.
Мен адамның сырт көзге қалай көрінетіні емес, шын мәнінде не істеп жүргені маңызды екенін түсіндім. Бір ғана шынайы нәтиже мыңдаған сөзден артық. Ал ол үшін, ең алдымен, — өзіңе адал болуың керек.
Егер сіздің бойыңызда да осындай "қасиет" болса, бір сәтке аялдап, өзіңізден: "мен осы не істеп жүрмін?" деп сұраңыз. Бар зейініңізді шоғырландырып, ең болмағанда, бір істі соңына дейін жеткізіңіз. Біреудің мақұлдауына мұқтаж болуды доғарсаңыз, қаншама уақытыңыз үнемделетінін көресіз.
🇷🇺 Текст на русском языке выше ⬆️