💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞
Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз.
АЛМАТЫ:
🗣"Оқиғалар желісі" көрмесі
Efes Art Space-тің кезекті көрмесінде қазақстандық суретші Майя Колосова диджитал коллаж техникасымен орындалған туындыларын ұсынады. Мұнда автордың терең сезімдері мен әлемге деген ерекше көзқарасы бейнеленген.
Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137
Күні: 16 және 17 қараша, 10:00 – 19:00
👏Öziñ zine fair жәрмеңкесі
Көрмеде қазақстандық ерекше авторлардың жұмыстарымен таныса аласыздар. Ал жәрмеңкеде зиндер (әуесқойларға арналған шағын тиражды басылымдар), арт-кітаптар және әртүрлі әдемі әшекей-бұйымдар ұсынылады. Сонымен қатар қызық воркшоптар, дәрістер мен талқылаулар өтеді. Бұған қоса, зиндерді басып шығаруға арналған шеберхана да жұмыс істейді.
Осы сәтті пайдалана отырып, сіз де өзіңіз қалаған зинді басып шығарып, үйіңізге алып кете аласыз.
Орны: Бәрібаев 36-дағы үй, Бәрібаев көшесі, 36
Күні: 16 және 17 қараша, 12:00 – 20:00
🤑Фатима Өмірдің “Сары жол" атты жеке көрмесі
Суретші әңгімелерін кескіндеме арқылы баяндап, оларды шынайы өмірдегі заттармен толықтырады. Экспозицияда көп мөлшерде сары түс қолданылады. Ол кеңістікті жылу мен жарыққа толтырып, ең қараңғы сәттердің өзінде қуаныш пен үміттің бар екенін еске салады.
Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, Панфилов көшесі, 101
Күні: 16 және 17 қараша, 14:00 – 22:00
😱"Әй-ел!” көрмесі
Суретшілердің жұмыстары Салтанат Нүкенованың қайғылы тарихына арналған. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қолдауға, қоғамдағы осы мәселені белсенді талқылауға бағытталған. Көрме 9 қараша күні сағат 16:00-де ашылады. 10 қарашада "тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдағы өзгерістер" панельдік пікірталасы өтеді.

Күні: 16 және 17 қараша, 09:00 – 21:00
🥳Ice Party
"Медеу” мұз айдынында Халықаралық студенттер күніне арналған іс-шара өтеді. Қатысушыларды арнайы автобус, ыстық шай, фотосессия, шоу-бағдарлама және сыйлықтар күтеді. Мұз айдынына кіру құны – 1000 теңге. Конькиіңізді өзіңізбен бірге ала келіңіз (конькиді жалға алу ақысына жеңілдік жасалады, бағасы – 1000 теңге).
Орны: Сәтбаев және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында жиналады.
Күні: 17 қараша, 07:00
😊"Қайта өрлеу" заманауи өнер көрмесі
Көрме трансформация, жаңару, ішкі және сыртқы шекараларды еңсеру сынды тақырыптарды зерттейтін авторлардың жұмысын біріктіреді. Негізгі назарда — жеке және ұжымдық жаңғыру идеялары, пішіндер мен мағыналардың метаморфозалары, сондай-ақ өзгеру үдерісіндегі өткен мен болашақтың өзара әрекеттесуі.
Орналасқан жері: Esentai Mall, Әл-Фараби даңғылы 77.8
Күні: 16 және 17 қараша, 10:00 – 22:00
АСТАНА:
🤩"SHE RUG" көрмесі
Көрме қазақ кілемі мен қазақтың заманауи тоқыма өнерінің интерпретациясына арналған.
Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 16 және 17 қараша, 10:00 - 20:00
👏Вячеслав Лидің "Таңғы алаңдаушылық " көрмесі
Қазақстандық суретші Еуразиялық көркемөнер Одағының және басқа да халықаралық жобалардың көрмелерінің жеңімпазы, жүлдегері және қатысушысы.
Орны: "Жастар" сарайы, Республика даңғылы, 34
Күні: 16 және 17 қараша, 12:00 – 18:00
Естеріңізге сала кетейік, әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинада Қазақстанның кез келген қаласынан кез келген фильмге тегін билеттер ұтып алуға болады. Сонымен қатар ең көп пікір қалдырған үш белсенді оқырманға айына бір мәрте киноға тегін билет табыстаймыз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!