Қымбатты дос,
«Wake Up Kazak» өз жұмысын жаңартуда! Жаңа жылға осындай игі хабармен аяқ басуды жөн көрдік. Өкінішке орай, біраз уақытқа ісімізді тоқтатып едік, — бұл үзіліс үшін Сізден кешірім сұраймыз.
Бүгінгі қазақ тіліндегі БАҚ сапасы жиі көңілден шықпайды. Бұған бас себептердің бірі — өзекті мәселелерге жан-жақты көзқарастың тапшылығы. Бұл кедергі өз кезегіне әлемдік жаңалықтарды қазақ тілінде жүйелі түрде зерттеу мен талдау мүмкіндіктерін шектейді. Осы тығырықтан шығуды нысанаға алып, Назарбаев Университетінің "Nomad" дебат клубы аясында жобамызды бастадық.
Мақсатымыз бастапқыдан өзгермеді: жобамыз Сізді қазақ тілінде жаңа білім жиюға, сыни ойды ұштауға, талдау дағдыларын қалыптастыруға және шетелдік пікірмен танысуға шақырады. Үмітіміз — қазақ тілін еркін меңгерген де, үйренуші де оқырманға өз пайдамызды тигізу.
Бізбен бірге болғаныңыз үшін мың алғыс. Жаңа жыл құтты болсын!