Бүгін бір қарт әжей мешітке келді. Бір ғажайып нәрсеге куә болдым.
– Балам, менің бірнеше сауалым бар, соны маған үйрет, – деді.
Қысқасы әженің күнделікті орындайтын уирді (тұрақты құлшылық) бар екен. Қызығы осы күнге дейін ешкімнен мұндайын көрмедім.
Әжей тахажуд намазын күнде оқиды екен. 4 ракағат. Әр ракағата Ясиннің әр жерінен оқиды. Мұны Ержан хазрет үйреткен.
Одан кейін дұға етіп, Құранда 14 жерде келген сәжде аяттарын оқып, 14 рет сәжде жасайды екен.
Енді маған сұрап келген дүниесі 28 әріптің ақысы деген нәрсе бар екен. Яғни жаңа ай туғанда "Әлиф" әрпін пәленше рет, ертеңіне "Бә" әрпін осынша рет деген сияқты нәрсені есептеп беруімді сұрады.
Құранның өзі емес, соны құрайтын әріпке деген құрметті көріп, әжей кеткесін біраз ойланып отырып қалдым.
Тақуалықтыңда осындай дәрежесі бар екен-ау.
#имамдықта