ҚҰРБАНДЫҚ
Ұ.: Мен өз сөзіме иемін. Бала кезімнен атам мені: «сөзіңе ие бол!» деп үйреткен. «Сөзді бағала! Біреуге сөз берсең, орында. Орындай алмасаң – кешірім сұра. Бірақ кешірім сұрауға саған болмайды. Сен – төре тұқымысың. Сол себепті өз сөзіңе өзің ие бол. «Ананы істеймін, мынаны істеймін» деп құр уәде беруден сақтан» – деді атам. Содан кейін мен өз сөзіме иемін. 1986 жылы қантөгістен 2-3 күн өткеннен кейін, кешқұрым аялдамадан мені күткен 5 жігітке жолықтым. Олар мені біледі екен.
– Аға, төресіз бе?
– Төремін – дедім. Бұрын сұраушыларға мен «найманмын» деп құтылатынмын. Әйтпесе тыржыңдайтындар табылады. Найманға да аздап тыржыңдайды. Олар:
– Болған оқиғаны білесіз бе? – деп сұрады.
– Білемін – дедім. Олар айта бастап еді, «одан да терең білемін» дедім мен. Балаларды Киров зауытының подвалында қалай қырғанын, қыздарымызды қылмыскерлердің зорлауына қалай тастағанын, өлтірілгендерді қалай далаға апарып көмгендерінің бәрін білемін – дедім.
– Онда намыстан өлу керек! – деді олар, – күшіміз жоқ. Көтерілейік! – деді. Мен айттым:
– Қазір олар соны күтіп отыр. Біздің көтерілгенімізді. Біздің халықты содан кейін ешкім де іздемейді. Барлық телевидение сатып алынған. Қазір де желтоқсан оқиғасы туралы дыбыс шықпайды ғой. Мәскеудің бір жерінде бірдеңе болып еді, бәрі шу ете түсті. Тікелей трансляция жасады.
Мен сендерге ант берем. Сендер мені тыңдаңдар. Мен сендердің хандарыңның тұқымымын. Мені ешкім де орыстар сияқты орнымнан түсірген жоқ. Содан соң ел мен біздің тұқым арасындағы уәде бұзылған жоқ. Кезінде төрені қырған болшевиктер, орыстар, еврейлер. Сендердің қолдарыңда төренің қаны жоқ. Сол себептен сендер маған бұрынғыдай бағынасыңдар. Ал, мен ант берем. Бір тамшы қан емес, тіпті жас та төктірмей бізге бостандықты өздері беретіндей жасаймын. Тіпті елбасымыз оған қарсы болса да. 1991 жылдары анау елбасымыздың қалай шырылдағанын білесіздер ғой:
«Біз дайын емеспіз, біз дайын емеспіз! Біз өлсек те коммунист боламыз! СССР-дан мен ешқашан да шықпаймын! Аяғында күрескер интернационалист боламын!» деген.
Оның осы үш ұранының біреуі де орындалған жоқ. Бізді жауымыздың өзі бостандыққа итеріп жіберді.
Ш.: Аға, кезінде Исаның қасиетті қаныменен Ғарыш сақталды ғой. Енді мынау Желтоқсанның қантөгісі, қазақтың күнәсіз жастарының қасиетті қаны бірінші Ақ Сарбазды, екінші Ғарышы сақтады ма?
Ұ.: Ғарышты сақтады, жердүниені сақтады. Соның арқасында біз Алтыншы Сатыға өттік. Сол қанның арқасында барлық қылмыстан құтылып, енді біз Алтыншы Сатыға бара жатырмыз.
Ш.: Құрбандық қой?
Ұ.: Құрбандық. Құрбандық Заңы әлі жойылған жоқ.
Алтыншы Заң – Эволюция үшін құрбандық. Бұл жай сөз емес. Біздің жастарымыз барып, бағалы қанын төгіп бізді сайтанның торынан босатып жіберді. Жердүниенің бәрі де осы үшін қазақтың еліне риза болуы керек!
(«Ұстаз бен шәкірт» кітабынан)