⚜ І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері үшін сот жүйесіндегі бос орындар жәрмеңкесі өтті
🔸Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Жетісу облысы соттарында "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындар жәрмеңкесі өтті.
🔸Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ 4 курс студенттері қатысты.
🔸Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі департаментінің (бұдан әрі - Департамент) персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Мадина Нургалиева қатысушыларды бірінші және апелляциялық саты соттарындағы бос лауазымдармен таныстырып, бас маман, бас маман-сот отырысының хатшысы, жетекші маман, пристав және аға пристав лауазымдарына қатысты біліктілік талаптарын түсіндірді.
🔸Департамент өкілі жоғарыда аталған лауазымдар үшін негізінен құқық, қоғамдық қауіпсіздік немесе бизнес және басқару саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе жоғары білім талап етілетінін ерекше атап өтті.
🔸Сондай-ақ, спикер мемлекеттік тапсырыс (грант) шеңберінде білім алған түлектері GPA кемінде 3,33 оқу нәтижесімен аудандық соттарда басшылық лауазым емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс орналаса алатынын хабарлады.
🔸Іс-шараны қорытындылай келе, жәрмеңкені таныстырушы студенттерді Жетісу облысы Департаментінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қатарына қосылуға шақырды.
Дереккөз: Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі