▪️Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен алқабилердің қатысуымен аса ірі мөлшерде қорқытып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы).
▪️Сотпен анықталды?
Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында И. бұрын жұмыс істеген ЖШС басшысымен кездесіп, серіктестік тарапынан жасалған бұзушылықтар туралы ақпарат бар екенін айтқан. Осы ақпаратты жария етпеу үшін И. заңсыз түрде С.-дан құны 16 млн теңгеден асатын пәтерді өз меншігіне беруді талап еткен.
▪️Осыған байланысты жәбірленуші полицияға жүгінген.
2024 жылғы 5 маусымда тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында И. жеке нотариус кеңсесінде полиция қызметкерлерімен ұсталған.
▪️Соттың шешімі
Қылмыстық кодекске сәйкес, айыпталушы жасаған қылмысы үшін 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған.
▪️Алқабилердің кесімімен И. тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды, сот жазаны жеңілдететін мән жай ретінде сотталушының жас балаларының болуын ескеріп және ауырлататын мән жайлардың болмауын ескеріп оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.