▪️Панфилов аудандық сотында ЖШС-ның тауарларды белгіленген кедендік рәсімдерге сәйкес пайдаланбау және заңсыз операциялар жүргізу фактісі бойынша (ӘҚБтК 544-бабы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Сот анықтағандай, Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген уақыттық зерттеулер нәтижесінде, ЖШС «YC» кедендік бақылаудағы тауарларды, яғни темекі бұйымдарын көтерме саудалағаны белгілі болды. 2024 жылғы тамыз айында ЖШС-ның кедендік бажсыз сауда дүкенінде тек бөлшек саудаға арналған темекі өнімдерін көтерме түрде сатқан фактілері анықталды. Жалпы, 184 миллион теңгеден астам сомадағы темекі өнімдері жеке тұлғаларға сатылған.
▪️Кеден кодексінің 528-бабына сәйкес, кедендік бажсыз сауда дүкенінің иесі кедендік рәсімдерге қойылатын талаптарды сақтау міндетін орындауы тиіс.
▪️Жеке пайдалану үшін тауарларды физикалық тұлғалардың кедендік баждар мен салықтарды төлемей тасымалдауы белгіленген салмақтық және құндық нормалардан асып кеткен жағдайда, бұл әрекет Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО-ның кеден заңнамасын бұзу болып саналады.
▪️ЖШС-ның кінәсі қызметтік хат, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, нұсқама және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
▪️Соттың қаулысымен ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 73 840 теңге мөлшерінде айыппұл салынды және оны кеден саласындағы қызметпен айналысатын заңды тұлғалар тізілімінен шығару туралы шешім қабылданды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Панфилов аудандық сотының баспасөз қызметі