Жетісу облысының судьялар корпусы ардагер судьяларды құрметті отставкаға шығарып салды
🔸Жетісу облысының судьялар корпусы облыстық соттың судьялары Қайрат Мәметайұлы Иманханов пен Ақмарал Сәбитқызы Темралиеваны құрметті отставкаға шығарып салу рәсіміне қатысты.
🔸Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 6 желтоқсандағы №726 Жарлығымна сәйкес Қ.М Иманханов пен А.С. Темралиева атқарып отырған қызметтерінен құрметті отставкаға шығуына байланысты босатылған болатын.
🔸Қайрат Мәметайұлы өзінің еңбек жолын 2003 жылы Алматы облысы Алакөл аудандық сотының судьясы қызметінен бастап, әр жылдары Алакөл ауданы №2 аудандық сотының, Ескелді және Көксу аудандық соттарының төрағасы қызметтерін атқарған.
🔸2019 жылдан бастап Алматы облыстық сотының судьясы, ал 2022 жылдың тамыз айынан бастап Жетісу облыстық сотының судьясы болып қызмет етті. Көпжылдық еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, «Үш би» құрмет белгісімен, ІІ және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.
🔸Ақмарал Сәбитқызы өз кәсіби қызметін 2003 жылы Алматы облысы Текелі қалалық сотының судьясы болып бастап, 2009 жылы Алматы облыстық сотының судьясы, ал Жетісу облысы құрылғаннан кейін осы облыстың сотында судья болып абыройлы қызмет етті.
🔸Еңбек жолында ол да ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, «Үш би» құрмет белгісімен, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.
🔸Жетісу облыстық сотының төрағасы Ержан Кененбаев судьяларды құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, олардың көпжылдық адал қызметі мен әділ сот төрелігін жүзеге асыруда қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін зор алғысын білдірді.
🔸Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Булат Джукенов те құттықтау сөзін айтып, олардың кәсібилігі мен сот төрелігіне деген адалдығын атап өтті.
🔸Жылы атмосферада өткен іс-шарада облыстық соттың судьясы Қанат Жантасов Қайрат Мәметайұлы мен Ақмарал Сәбитқызымен бірге қызмет еткен сәттерін еске алып, әріптестеріне алғыс сөздерін жеткізді. Әріптестері олардың өңірдегі сот жүйесін дамытудағы үлестерін ерекше атап өтіп, игі тілектерін білдірді.
Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі