Zhetysu Business


Гео и язык канала: Казахстан, Русский


📣Единый телеграм-канал УПИИР Алматинской области, АО "РИР СПК "Жетісу", ТОО "Региональный центр развития Алматинской области". Здесь самые важные новости и объявления для бизнеса.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Статистика
Фильтр публикаций


Құрметті тұрғындар мен тауарөндірушілер!
📣16 шілде күні Талдықорған қаласының «Коммуналдық базарында» өтетін апта сайынғы жәрмеңкеге шақырамыз. Жексенбі күні Жетісу облысы Тұрақтандыру қорының өнімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілері мен кәсіпкерлердің тауары ұсыналады.
❗️Сонымен бірге жәрмеңкеге қатысуға ниетті кәсіпкерлерге сауда орындары тегін беріледі. Өтінім беру үшін байланыс нөмірі: 8705 553 26 26.
***
Уважаемые жители и товаропроизводители региона!
📣16 июля приглашаем на еженедельную ярмарку на «Коммунальном рынке» г. Талдыкоргана. На ярмарке в воскресенье будут представлены продукция Стабилизационного фонда области Жетісу, товары сельхозпроизводителей и предпринимателей.
❗️Также для предпринимателей, желающих принять участие в ярмарке, будут бесплатно предоставлены торговые места. Заявку можете подать по телефону 8705 553 26 26.


🔸«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ басшылығының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Анас Баққожаевпен кездесуі өтті.
🔸Кездесу барысында «Жетісу» ӘКК Басқарма төрағасының орынбасарлары Альмира Ыбырайымова мен Нұрсұлтан Искенов Корпорацияның іске асырып жатқан және жоспарланған жобалары туралы, атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары, «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысы мен т.б. жайлы айтып берді. Сонымен бірге, заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру бойынша бірқатар мәселелер мен ұсыныстар айтылды.
🔸Өз кезегінде депутат Анас Баққожаев Парламент Мәжілісінің АӨК саласында жүргізіп жатқан жұмысына тоқталып, проблемалық мәселелер мен оларды шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жеткізді.
•••
🔸Состоялась встреча руководства АО «РИР «СПК «Жетісу» с депутатом Мажилиса Парламента РК, заместителем председателя народно-демократической партии «Ауыл» Анасом Баккожаевым.
🔸В ходе встречи заместители председателя Правления СПК «Жетісу» Альмира Ибраимова и Нурсултан Искенов рассказали о реализуемых и планируемых проектах Корпорации, в частности о мерах по стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, о ходе реализации программы «Ауыл аманаты» и других. Озвучены ряд проблем и предложений по совершенствованию законодательства, осуществления мер государственной поддержки.
🔸В свою очередь депутат Анас Баккожаев сообщил о проводимой работе Мажилиса Парламента в сфере АПК, рассказал о проблемных вопросах и принимаемых мерах по их решению.




⚜️Жеңіс күні құтты болсын!
Аспанымыз ашық, заманымыз бейбіт болсын!

⚜️С Днем Победы! Желаем всем мирного неба над головой!


🇰🇿Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз. Барша қазақстандықтарға мызғымас қайрат пен қайсарлық тілейміз! Батыл арман-мақсаттарыңыз орындалсын! Өркендеу, бақыт пен денсаулық тілейміз! 🔥🔥🔥

🇰🇿Поздравляем с Днем защитника Отечества.
Желаем казахстанцам незыблемой стойкости и мужественности! Пусть осуществляются ваши самые смелые планы и идеи! Благополучия, счастья и здоровья! 🔥🔥🔥




При поддержке СПК “Жетісу” в Талдыкоргане открыли два соцмагазина
 
✅В Талдыкоргане открыли два социальных магазина. Социально значимые продовольственные товары (СЗПТ) будут отпускаться по ценам с минимальной наценкой.

✅Ассортимент продукции представлен 18 видами СЗПТ, кроме мяса говядины. Здесь реализуются товары Стабилизационного фонда области Жетісу и производителей, задействованных по «оборотной схеме».

Отпускные цены в магазинах ниже рыночных в среднем на 10%. К примеру, сахар стоит 425 тг/кг (рыночная – 483 тг/кг), масло подсолнечное 740 тг/кг (рыночная – 931 тг/кг), рис 340 тг/кг (рыночная – 496 тг/кг).

По словам главы АО «РИР СПК «Жетісу» Данияра Айкынбаева, продуктовые магазины были переформатированы в социальные. В ближайшее время планируется открыть еще несколько подобных магазинов в областном центре.

🗣️«Вопрос сдерживания цен на продовольственные товары остается важной задачей и находится на особом контроле руководства области. По поручению акима области, совместно с акиматом города планируем открытие дополнительных социальных магазинов в других районах города. На сегодня для стабилизации цен СЗПТ на 2022-2023 годы из областного бюджета выделено 4 млрд тенге на формирование стабфонда и на «оборотную схему». Чтобы не допустить рост цен на овощи в межсезонье подписаны договора на поставку 736 тонн картофеля и 169 тонн моркови. В рамках «оборотной схемы» имеются договоры с 9 товаропроизводителями и с 2 субъектами торговли на производство и поставку продовольственных товаров в торговые сети», – отметил Данияр Айкынбаев.

🔰
Подробнее

t.me/zhetysubusiness


⚡️“Жетісу” ӘКК қолдауымен Талдықорғанда екі әлеуметтік дүкен ашылды
 
✅Талдықорғанда екі әлеуметтік дүкен ашылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) төменгі үстеме бағамен бағамен сатылады.

✅Дүкендерде сиыр етінен басқа әлеуметтік маңызды тауарлардың 18 түрі ұсынылған. Мұнда Жетісу облысының тұрақтандыру қорының және «айналым схемасына» қатысушы өндірушілердің тауарлары сатылады.

Дүкендердегі сату бағасы нарықтық бағадан орта есеппен 10%-ға төмен. Мысалы, қант құны 425 тг/кг (нарықтық – 483 тг/кг), күнбағыс майы 740 тг/кг (нарықтық – 931 тг/кг), күріш 340 тг/кг (нарықтық – 496 тг/кг).

«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ басшысы Данияр Айқынбаевтың айтуынша, азық-түлік дүкендерінің форматы «әлеуметтік дүкенге» ауыстырылды. Жақын арада облыс орталығында тағы да осындай дүкендер ашу жоспарлануда.

🗣️«Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру маңызды міндетіміз және бұл мәселе облыс басшылығының ерекше бақылауында. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қала әкімдігімен бірлесіп, Талдықорғанның басқа да аудандарында қосымша әлеуметтік дүкендер ашуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда 2022-2023 жылдарға арналған ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін облыстық бюджеттен тұрақтандыру қорын қалыптастыруға және «айналым схемасын» жүргізуге 4 млрд теңге бөлінді. Маусымнан тыс уақытта көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін 736 тонна картоп пен 169 тонна сәбіз жеткізу туралы келісімге қол қойылды. «Айналым схемасы» шеңберінде 9 тауар өндірушімен және 2 сауда субъектісімен сауда желілеріне азық–түлік тауарларын өндіру және жеткізу бойынша шарттар бар», – деп атап өтті Данияр Айқынбаев.

🔰Толығырақ

t.me/zhetysubusiness




АО «РИР «СПК «Жетiсу» (далее – Общество) сообщает о проведении торгов по реализации доли участия Общества в уставных капиталах товариществ с ограниченной ответственностью:
1. ТОО «Сервисно-заготовительный центр «Сырымбет»;
2. ТОО «СЗЦ Алға»;
3. ТОО «Сервисно-заготовительный центр «Қаратал Агро»;
4. ТОО «Сервисно-заготовительный центр «Каратал-күріш»;
5. ТОО «Сервисно-заготовительный центр «Satti»;
6. ТОО «Сервисно-заготовительный центр «Өрлеу»;
7. ТОО «Сервисно-заготовительный центр «Байсерке-Агро»;
8. ТОО «Сервисно-заготовительный центр «Агросервис ҚанТ»;
9. ТОО «Сервисно-заготовительный центр «Акозек»;
10. ТОО «Сервисно-заготовительный центр «Хан Тәңірі»;
11. ТОО «Сервисно-заготовительный центр «Жаңа-жол»;
12. ТОО «Сервисно-заготовительный центр «Байынқол»;
13. ТОО «Үш Қақпақ» Сервисно-заготовительный центр»;
14. ТОО «Жетісу-Улус.KZ»;
15. ТОО «Малайсары Алтын»;
16. ТОО «Адыр»;
17. ТОО «MJM-Gold»;
18. ТОО «Жартасты»;
19. ТОО «Altyn Ketmen»;
20. ТОО «Golden Steppe»;
21. ТОО «Zhetisu Minerals»;
22. ТОО «Ынталы ГЭС».

Форма торгов – электронный аукцион. Аукцион состоится 19 августа 2022 года в 10.00 и 11.00 часов на веб-портале Реестр государственного имущества. Для участия в аукционе необходимо подать заявку на участие в торгах на веб-портале Реестра государственного имущества и оплатить гарантийный взнос.

Реквизиты для перечисления гарантийного взноса
Получатель платежа (рус.): АО «Информационно-учетный центр»; БИН:050540004455.
Расчетный счет (IBAN/ИИК) в АО «Народный банк Казахстана»: KZ946017111000000330; БИК: HSBKKZKX; КНП: 171; Кбе: 16.


«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ (әрі қарай – Қоғам) төмендегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы Қоғамның қатысу үлестерін өткізу бойынша сауда өткізу туралы хабарлайды:
1. «Сырымбет» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
2. «Алға» СДО» ЖШС;
3. «Қаратал Агро» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
4. «Қаратал-күріш» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
5. «Satti» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
6. «Өрлеу» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
7. «Байсерке-Агро» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
8. «Агросервис ҚанТ» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
9. «Ақөзек» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
10. «Хан Тәңірі» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
11. «Жаңа-жол» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
12. «Байынқол» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
13. «Үш Қақпақ» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС;
14. «Жетісу-Ұлыс.KZ» ЖШС;
15. «Малайсары Алтын» ЖШС;
16. «Адыр» ЖШС;
17. «MJM-Gold» ЖШС;
18. «Жартасты» ЖШС;
19. «Altyn Ketmen» ЖШС;
20. «Golden Steppe» ЖШС;
21. «Zhetisu Minerals» ЖШС;
22. «Ынталы СЭС» ЖШС.

Сауда нысаны – электрондық аукцион. Аукцион 2022 жылғы 19 тамызда сағат 10.00 және 11.00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізіледі. Аукционға қатысу үшін Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында саудаға қатысуға өтінім беру және кепілдемелік салымды төлеу қажет.

Кепілдемелік салымды аударуға арналған деректемелер:
Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ; БСН: 050540004455.
Есеп-шот (IBAN/ЖСК) «Қазақстанның халық банкі» АҚ-да: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX; ТБК: 171; Кбе: 16.




⚡ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды.

"Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

⚡ Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаев есімін беруді қолдайтындығын хабарлады.

«Біз ұлан ғайыр жерімізді ұлы тұлғаларымыздың есімімен ұрпақ санасында жаңғырта береміз. Мысалы Қапшағай халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсынса, мен бұл пікірге қосыламын», — деді президент.

***

⚡ Президент Касым-Жомарт Токаев предложил разделить Алматинскую область на​ два региона.

«Много проблем касательно агломерации города Алматы. Жители области сконцентрированы в​ основном вокруг​ этого города. Невозможно решать вопросы Узынагаша или​ же​ Талгара, находясь в​ самом городе Талдыкоргана. Чтобы добраться до​ областного центра, населению приходится ездить очень далеко. С​ учетом этих и​ других обстоятельств предлагаю разделить Алматинскую область на​ две. В​ этом регионе будут созданы Жетысуская и​ Алматинская области»,​ — сказал Глава государства на​ совместном заседании палат Парламента.

⚡ Также Президент страны Касым-Жомарт Токаев предложил переименовать город Капшагай в Кунаев. Об этом он сообщил в рамках послания народу Казахстана.


Көктемнің керемет мерекесімен құттықтаймыз! Барша нәзік жандыларға қуаныш, жылулылық пен бақыт тілейміз! 🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷

Поздравляем с прекрасным весенним праздником. Желаем всей прекрасной половине человечества радости, тепла и счастья!




Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев журналистер алдында баспасөз мәслихатын өткізіп, жұмыс қорытындысын жариялады.
Суреттерде негізгі көрсеткіштер.


📌В Алматинской области построят автоматизированный логистический хаб класса А+ общей площадью 200 тысяч квадратных метров, который станет одним из крупнейших из существующих в Казахстане. Благодаря его вводу в экономику региона будет привлечено 200 млн. долларов США инвестиций, создано порядка 1500 рабочих мест. Проект сопровождается Региональным институтом развития «СПК «Жетісу».

✅Соответствующий меморандум подписал сегодня аким области Канат Бозумбаев и председатель Совета директоров ТОО «AIRBA FF», основатель компании «Технодом» Эдуард Ким.
Подписание меморандума закрепило озвученные планы и перспективы, которые открывает новый проект.

📌Согласно достигнутым договоренностям инвестпроект будет реализовываться поэтапно в течение 5 лет. Как было уже отмечено, логистический комплекс будет располагаться в Илийском районе. Кроме своей основной функции, ввод объекта откроет доступ к онлайн-витрине «Airba Marketplace» для размещения продукции и привлечения клиентов. Также пользуясь возможностями онлайн-платформы «Airba Fintech», сельхозтоваропроизводители смогут получать льготное финансирование и пополнение оборотных средств, заключать сделки по продаже своей продукции в крупные торговые сети без посредников, а для молодых специалистов откроются возможности получения доступной ипотеки на приобретение или улучшение жилья. При этом все услуги будут оказываться в онлайн-режиме, без посещения финансовых институтов и предоставления информации на бумажных носителях.

https://spk-jetisu.kz/press-center/news/в-алматинской-области-создадут-логис/


📌Алматы облысында А+ класты автоматтандырылған, алаңы 200 мың шаршы метр болатын Қазақстандағы ірі логистикалық хаб салынады. Соның нәтижесінде облысқа 200 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылады. Жобаға "Жетісу" ӘКК" Өңірлік даму институты сүйемелдеу жүргізеді.

✅Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен «AIRBA FF» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы, «Технодом» компаниясының негізін салушы Эдуард Ким осындай меморандумға қол қойды.

✅Қол жеткізілген келісімге сәйкес маңызды инвестициялық жоба алдағы 5 жылда бірнеше кезеңмен іске асырылады. Кешен Іле ауданында орналаспақ.
Өзінің негізгі функциясымен қатар нысан клиенттер тарту мен өнімдерді орналастыруға арналған «Airba Marketplace» онлайн-сөресін пайдалануға жағдай туғызады.

📌Сол сияқты «Airba Fintech» онлайн-платформасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жеңілдікпен қаржыландыру мен айналым қаржысын толықтыруға қол жеткізе алады, өз тауарларын делдалдардың қатысуынсыз ірі сауда желілерінде сату жөніндегі келісімшарттар жасаса алады, ал жас мамандар тұрғын үй сатып алуға немесе баспана жағдайын жақсартуға қолжетімді ипотека ала алады. Бұл қызметтерге жүгіну үшін қаржы институттарына барудың, мәліметтерді қағаз жүзінде апарудың қажеті жоқ, қызметтер онлайн-режимде көрсетіледі.

https://spk-jetisu.kz/press-center-kk/жаңалықтар/алматы-облысында-1500-адамға-жұмыс-берет/

Показано 18 последних публикаций.

143

подписчиков
Статистика канала