📌Алматы облысында А+ класты автоматтандырылған, алаңы 200 мың шаршы метр болатын Қазақстандағы ірі логистикалық хаб салынады. Соның нәтижесінде облысқа 200 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылады. Жобаға "Жетісу" ӘКК" Өңірлік даму институты сүйемелдеу жүргізеді.
✅Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен «AIRBA FF» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы, «Технодом» компаниясының негізін салушы Эдуард Ким осындай меморандумға қол қойды.
✅Қол жеткізілген келісімге сәйкес маңызды инвестициялық жоба алдағы 5 жылда бірнеше кезеңмен іске асырылады. Кешен Іле ауданында орналаспақ.
Өзінің негізгі функциясымен қатар нысан клиенттер тарту мен өнімдерді орналастыруға арналған «Airba Marketplace» онлайн-сөресін пайдалануға жағдай туғызады.
📌Сол сияқты «Airba Fintech» онлайн-платформасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жеңілдікпен қаржыландыру мен айналым қаржысын толықтыруға қол жеткізе алады, өз тауарларын делдалдардың қатысуынсыз ірі сауда желілерінде сату жөніндегі келісімшарттар жасаса алады, ал жас мамандар тұрғын үй сатып алуға немесе баспана жағдайын жақсартуға қолжетімді ипотека ала алады. Бұл қызметтерге жүгіну үшін қаржы институттарына барудың, мәліметтерді қағаз жүзінде апарудың қажеті жоқ, қызметтер онлайн-режимде көрсетіледі.
https://spk-jetisu.kz/press-center-kk/жаңалықтар/алматы-облысында-1500-адамға-жұмыс-берет/