Түсінбеймін О, неге?!
Қайда қалды өсиет пен өнеге?
Жаңалық деп көп желігіп кеттік ау,
Көңіл бөлмей көнеге!
Қол сілтеді... састы ырым,
Тарихымның тұла бойын басты мұң.
Ескіліктің сарқыты боп аталды,
Тіл ұшында дәстүрім.
Бұл ғасырға кектімін,
Бос сенделтіп талай жыл мен өтті күн.
Көзі ашық данышпанды тыңдамас,
Төсі ашықтар көп бүгін.
Борайды ма тағы сын?
Жараланып жүрек атты барысым.
Мүмкін менің келте шығар қарысым,
Оқырманым, өзің түсін әрісін.
Ешкіммен жоқ жарысым...
Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya
Қайда қалды өсиет пен өнеге?
Жаңалық деп көп желігіп кеттік ау,
Көңіл бөлмей көнеге!
Қол сілтеді... састы ырым,
Тарихымның тұла бойын басты мұң.
Ескіліктің сарқыты боп аталды,
Тіл ұшында дәстүрім.
Бұл ғасырға кектімін,
Бос сенделтіп талай жыл мен өтті күн.
Көзі ашық данышпанды тыңдамас,
Төсі ашықтар көп бүгін.
Борайды ма тағы сын?
Жараланып жүрек атты барысым.
Мүмкін менің келте шығар қарысым,
Оқырманым, өзің түсін әрісін.
Ешкіммен жоқ жарысым...
Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya