Поэзия және Мен


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Books


Қош келдің қымбатты оқырман!
Бұл - жеке шығармашылық каналым)
Байланыс үшін:
@AbdiqalyevMeyrambek
Телеграм +99899 955 78 92
Телеграм +99893 485 78 92
Т.м. уатсап +77475549341
Мейрамбек Әбдіқалиев

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Books
Statistics
Posts filter


Түсінбеймін О, неге?!
Қайда қалды өсиет пен өнеге?
Жаңалық деп көп желігіп кеттік ау,
Көңіл бөлмей көнеге!

Қол сілтеді... састы ырым,
Тарихымның тұла бойын басты мұң.
Ескіліктің сарқыты боп аталды,
Тіл ұшында дәстүрім.

Бұл ғасырға кектімін,
Бос сенделтіп талай жыл мен өтті күн.
Көзі ашық данышпанды тыңдамас,
Төсі ашықтар көп бүгін.

Борайды ма тағы сын?
Жараланып жүрек атты барысым.
Мүмкін менің келте шығар қарысым,
Оқырманым, өзің түсін әрісін.

Ешкіммен жоқ жарысым...

Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya


Ел жайлы өлең жазшы дегенде

Жаймашуақты таңы жоқ елге,
Шоу - тойдан басқа сәні жоқ елге.
Қорлауға келсе қолшоқпар дайын,
Қолдарға келсе заңы жоқ елге.
Не айтсам екен...

Басынан шіріп былыққан елге,
"Туғанды биі" құныққан елге.
Болашақ үшін басын қатырмай,
Ата - дәстүрін ұмытқан елге.
Не айтсам екен...

Ие бола алмай қарыстай жерге,
Суынып бастан бағы ұшқан елге.
Желіде сайрап жұлқынып жазып,
Диван үстінде данышпан елге,
Не айтсам екен...

Бірлігі болмай тараған елге,
Жетім - жесірі жылаған елге.
Он алтысында жастарын жерлеп,
Қарттардан хандық құраған елге,
Не айтсам екен...

Шындықты өзгеше мүсіндейтінге,
Кеудеге нан пісіп кішірмейтінге.
Ең соңы қазақша жазған жырымды,
Міңкілдеп түсінбейтінге.
Не айтсам екен...

Дәтім жоқ көп жайды қозғауға,
Зауқым жоқ, бос - өсек, сөз - дауға.
Ештеңе айтпайпын деймінде,
Шыдамым жетпейді - жазбауға!
Амал жоқ жазбауға...

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya


Кешір мені

Бұл күнде сен де бөтен мен де бөтен,
Біз үшін бақтың дәмі кермек екен.
Қалдырып сені және Алматыны,
Мен ертең елге кетем.

Қаламыз сен де жалғыз мен де жалғыз,
Қосылмас кері басқан қадамдармыз.
Сағынармыз, шыдармыз, амалдармыз,
"Жақсылар"ға  әрине жамандармыз.

Қатар тілге алынса есімдері,
"Ғашықтар" - дер тайғақ жол кешудегі.
Мен бірақ ораламын бұл қалаға,
Ал саған - кешір мені...

Бұл күнде сен де бөтен мен де бөтен,
Біз үшін бақтың дәмі кермек екен.
Қалдырып сені және Алматыны,
Мен ертең елге кетем.

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya


✍🏻📚
Мейрамбек Абдіқалиев

@AbdiqalyevMeyrambek

🎙🌹Айнаш Төрехан қызы
https://t.me/Alhamdulillah06_08
https://t.me/diamondayna


Хабарыңды сұрап жүрмін дауылдан...

Оқыған: Ақбота Сарсенбаева

@Meyrambek_poeziya


✍🏻📚
Мейрамбек Абдіқалиев

@AbdiqalyevMeyrambek

🎙🌹Айнаш Төрехан қызы
https://t.me/Alhamdulillah06_08
https://t.me/diamondayna


✍🏻📚Музама
Мейрамбек Абдіқалиев

@AbdiqalyevMeyrambek

🎙🌹Айнаш Төрехан қызы
https://t.me/Alhamdulillah06_08
https://t.me/diamondayna


Ойламау өз еркің...

Оқыған: Ақбота Сарсенбаева


Сен жайлы жыр жазбаймын кешір енді.
Кешір енді, сезімге кесір енді.
Тағдырым - таратып бер тарыққанға,
Бақыттан бөлінбеген несібемді.

Кешір қалқам мен енді басқа болам.
Гүлден кешіп еркіммен тасқа қонам.
Уақытымның обалы -  махаббатқа,
Бақытыңның есігін ашпа маған.

Мен енді жыр жазбаймын кешір Айым,
Тасымайын қалайша басылайын.
Жазылмаған маңдайға жалғызым ау,
Бақтан басқа басыңа не сұрайын?

Не сұраймын басқа енді жаратқаннан,
Сан сұрағым жауапсыз жылап қалған.
Мүмкін Мені - іздейсің бір күндері,
Жыртылған, жыр жазылған парақтардан.

Жеткізбей жылт еткенде жырақта арман...

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya


Қысқа әңгіме

- Досым, қалай жағдай өмір қалай?
- Шүкір, бір рет жасауға болады...

Мейрамбек Абдіқалиев


Оқыған: Шапағат Ерғалиқызы


💛💛💛

Сен маған келші жаным, күлші жаным,
Сезесің ғой жүректің тыншымауын.
Кеш білдік пе қоштасу кездесуден,
Бағасыз құн сұрауын.

Мен қазір шаршағанмын әлсіредім,
Сырт көзге күлген болып -
Күрсінемін.
Жанарыма ұялап қалып қойған,
Ып - ыстық тамшым едің.

Жұрттарға ала да сын қара да сын,
Қара сынға білесің қарамасым.
Қараңғы сәттеріммен қоса сүйген,
Қарғам сен - пәк адамсың?!

Қараша да жан бар ма дір етпеген.
Арашаға келерсің үміттенем.
Сенің барлық суретің күліп тұрған,
Альбомымда сақтаулы жүрек деген...

Мен үшін - жерде жалғыз пәк адамсың,
Жүзінен күн өппеген!

Мейрамбек Абдіқалиев

https://t.me/Meyrambek_poeziya


"Қазір күз"
Мейрамбек Абдіқалиев

Оқыған:Ақбота Сарсенбаева @juma6a1qyzy


***
Керек емес керек емес сенсіз күн,
Сен дегенде сенесің бе емсізбін.
Шаштарыңның жұпар иісін аңсаймын,
Желсіз күн...

Гүлім - гүлім бүгін енді гүлсізбін,
Сенбейтінім үмітіңді Сен де үздің.
Бұл ғасырда сағынумен сүюден,
Теңсізбін...

Біздің сезім соңы уайым басы мұң,
Жүрегімде жыр боп қалдың жасырын.
Сағындың ба сен де мені Асылым,
Ғашығым - ай ғашығым?!

Күндер қайда, түндер қайда қимаған,
Бір жымиып шексіз бақыт сыйлаған.
Қайтсем екен бұл сезімді ғаламға,
Сыймаған...

Кездер - қайда, көздер - қайда ойланам,
Мендік ойлар шым - шытырық шырғалаң.
Сәттерімсің дәптеріме толтырып,
Жинаған...

Біздің сезім соңы уайым басы мұң,
Жүрегімде жыр боп қалдың жасырын.
Сағындың ба сен де мені Асылым,
Ғашығым - ай ғашығым?!

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya


Сені ұмытқан сол бір жан сүйікті есім,
Төмендесін кешпейсің биіктесін.
Ұмытам деу еркіңмен мұзға орану.
Ал оны - сүйе беру...
Күйік пе шын?!...

(с) М. А
https://t.me/Meyrambek_poeziya


Сенсіз сәттер

Жүрегімнен өкінішті аршып ап,
Түстеріме кіріп тұршы қал сұрап.
Оңашада ойлайсың ба сен де әлі,
Жанарыңнан менсіз күндер тамшылап?

Айтушы едім Гүлімсің деп Гүлсің деп.
Екеумізді екі бөлді ә бір сын кеп.
Оңашада орала ма есіңе,
Өткен шақтар жүрегіңде дүрсілдеп?

Бірге кездер бұл - бұл ұшып жоғалып,
Шын кеттік бе бөлек - бөлек жол алып,
Қарашада тұрған сәтті сағынам,
Қара шашың саусағыма оралып.

Күлуші едің Айым болып жұлдыз боп,
Жүруші едің Еркем болып бал қыз боп.
Айналаңнан кетпей жүр ме ал қазір,
Менсіздікпен, менсіздікпен жалғыздық?!

Жолсыздықта, жалғыз жүрген қалды із көп...

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya


Хат жазшы маған!

Сен маған хат жазшы жаным,
Ақтарылып жүректен ағылда - тегіл.
Сағыншқа шыдамай шаққа жүреміз,
Аяры жоқ біздерді не қылған өмір?

Сен маған хат жазшы жаным,
Жасырмай жанарыңнан жас аққан сәтті.
Сеніммен сыр ақтарған жақын адамың,
Сырт айналып өзіңе тас атқан сәтті.

Сен маған хат жазшы жаным,
Хат жазшы жаным жарылып іштен.
Жазбаған хатыңнан да сезілер маған,
Сүйкімді көзің, түндерде сағынып іскен.

Сен маған хат жазшы жаным,
Суреттеп сұп - суық әлгі өткен жазыңды.
Өткен жазыңды, жазсаңшы кінамді менің,
Тағы да айталмаған өкпе - назыңды.

Сен маған хат жазшы жаным,
Жасырынба жарығым үркіп босқа.
Сол хатқа бар мұңыңды төгіп жазда,
Жолдағың келмесе оны жыртып таста!

Мен қазір сағынудың шыңындамын,
Өзіңді уайымдаумен түн егілді.
Ішіңе жұта бермей Сен де бәрін,
Хат жазшы маған, хат жазшы маған,
Аяшы жүрегіңді!

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya


Музама!

Мен осы дұрыс ғұмыр сүрмей жүрмін,
Кім ұғар құлазыған көңілімді?
Қалайша ұнатуды білмей жүрмін,
Сен үшін қызық емес өмірімді...

Сен үшін қажет емес қалім бүгін,
Мүмкін мен естелікпін артта қалған.
Бір емін таба алмастан сағынудың.
Сәттерді бірге жүрген жаттап алғам.

Сен десе судан таза сезіміме,
Бере алмай көшіп кетті құстар баға.
Мен жайлы тіс жара алмай жүргеніңдей,
Сен жайлы айта алмаймын достарға да.

Сезімге еніп кеттік тоқтау білмей.
Сезініп тұрсақ тағы сынақты алдан.
Сен бірақ неге суып кеттің менен,
Санамды босатшы осы сұрақтардан.

Қонған сәт аз болса да қолға бақыт,
Ризамын мәңгілік саған қалқам:
Қайғысыз қара жолдан  тайғанатып,
Қара өлеңнің жолына бір - ақ салған!

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya


Мейрамбектиң мухаббат тууралы қатарларын унатаман.
Шайыр ышқы сезимлерин соншелли улығлайды- ол хәммениң журек теңизиниң туп- түбинде жатырған бриллианттай...

Шайырдың сүйгенине

Өзиң илҳам периси бол,
дөнип- дөнип қулпырған,
Күндиз мөлдир булағы бол,
шайыр йошын тастырған,
Өзиң түнде жулдыз болып,жымыңлап тур ,жарқырап,
Өзиң өмир жалғасы бол, урпақларын толтырған.

Ҳәзиргиниң тили менен айтар болсам сен,жаным,
Мақул болар инноватор, импровизатор болғаның.
Сен қулласы ,ҳайран қалдыр,шайыр йошын тыныш қойма,
Көп сөз емес,керек оған нәзер таслап қойғаның...

Йош бағыш ет,шайыр сеннен көзлерин ҳеш алмасын,
Бар жалынлы қосықларын бир өзиңе арнасын,
Билесең бе,сени сабыр,шыдам ушын жаратқан,
Ҳаўазыңнан йош периси ушып кетип қалмасын...

Бахтың сениң - басқаларда бурын болып көрмеген,
Жолың сениң ҳеш қурдасың буннан журип көрмеген,
Шайыр саған ышқы менен қанша қосық арнаса,
Бул әлемде тап өзиңдей бахытлы жан бармекен?!

Бул дуньяның тәшўишине жақынлатпа шайырды,
Перде тутып ,аржағында исле ғалма - ғалыңды.
Сонда ғана сен ҳақыйқый МУЗА бола аларсаң,
Сонда ғана периштелик таж- тағыңда қаларсаң...

А Л Т Ы Н Г Ү Л


Əтірің...

Өзің жайлы жазсамда аз тасқа аңыз.
Аңызым - ау, арман болып қашпаңыз.
Сен бе екен деп жетіп барсам жымиды.
Сенікіндей əтір сепкен басқа қыз.

Сенесің бе, қаласаң сенбе мейлің.
Одан əрі айтпаймын менде кейнін.
Тақылдаса туфли алаң болып.
Сыңғыр етсе сырға үні сен бе деймін.

Ойлаппын ба сезім - жыр өрем бе деп.
Сен келгелі жүректе өлеңде көп.
Хабар келсе кездейсоқ телефонға.
Жаным қалмай жүгірем сенен бе деп.

Өзің жайлы жазсамда аз тасқа аңыз.
Аңызым - ау, арман болып қашпаңыз.
Сен бе екен деп жетіп барсам жымиды.
Сенікіндей əтір сепкен басқа қыз.

Неге өйтеді екен а?!

Мейрамбек Абдіқалиев
(Архив)

20 last posts shown.