Кешір мені
Бұл күнде сен де бөтен мен де бөтен,
Біз үшін бақтың дәмі кермек екен.
Қалдырып сені және Алматыны,
Мен ертең елге кетем.
Қаламыз сен де жалғыз мен де жалғыз,
Қосылмас кері басқан қадамдармыз.
Сағынармыз, шыдармыз, амалдармыз,
"Жақсылар"ға әрине жамандармыз.
Қатар тілге алынса есімдері,
"Ғашықтар" - дер тайғақ жол кешудегі.
Мен бірақ ораламын бұл қалаға,
Ал саған - кешір мені...
Бұл күнде сен де бөтен мен де бөтен,
Біз үшін бақтың дәмі кермек екен.
Қалдырып сені және Алматыны,
Мен ертең елге кетем.
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya
Бұл күнде сен де бөтен мен де бөтен,
Біз үшін бақтың дәмі кермек екен.
Қалдырып сені және Алматыны,
Мен ертең елге кетем.
Қаламыз сен де жалғыз мен де жалғыз,
Қосылмас кері басқан қадамдармыз.
Сағынармыз, шыдармыз, амалдармыз,
"Жақсылар"ға әрине жамандармыз.
Қатар тілге алынса есімдері,
"Ғашықтар" - дер тайғақ жол кешудегі.
Мен бірақ ораламын бұл қалаға,
Ал саған - кешір мені...
Бұл күнде сен де бөтен мен де бөтен,
Біз үшін бақтың дәмі кермек екен.
Қалдырып сені және Алматыны,
Мен ертең елге кетем.
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya