Қорықпаймын
Өзіңменен бірге өткен, жылға татыр күз.
Сен ғанасың наз ойын - тыңдататын қыз.
Болашақта білемін, елге үлгі болып,
Мұражайда тұрады - махаббатымыз.
Бірге өткізген сол ғажап күндер - ай күндер,
Қызықпады біздерге кімдер ай, кімдер?
Саған сыйға тартуға үлгере алмаған,
Кіналайды мені әлі гүлдер ай гүлдер.
Жан екенсің жырақта жолықпай жүрген,
Жар боларсың сырымды айтпай білген.
Жоғалтудан қорқатын жалғызым тыңда,
Екі дүнием сен барда қорықпаймын мен.
Айтшы қазір сен менен жырақтамысың?
Үнсіз қалып үміттің құлатпа құсын.
Жаратқанға сен үшін алғыс айтамын:
Жеті әлемнен ерекше жаратқаны үшін.
Аққудайын аппағым құсым ең сыңар,
Емессің еш түн ұзақ түсімнен шығар.
Саған сыйлай алмаған сонау тәттілер,
Сенен тәтті емесін түсінген шығар.
Біздер бірге боламыз құдай қаласа,
Бірге өтпеген сәттерді есіңнен шығар!
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya