Музама!
Мен осы дұрыс ғұмыр сүрмей жүрмін,
Кім ұғар құлазыған көңілімді?
Қалайша ұнатуды білмей жүрмін,
Сен үшін қызық емес өмірімді...
Сен үшін қажет емес қалім бүгін,
Мүмкін мен естелікпін артта қалған.
Бір емін таба алмастан сағынудың.
Сәттерді бірге жүрген жаттап алғам.
Сен десе судан таза сезіміме,
Бере алмай көшіп кетті құстар баға.
Мен жайлы тіс жара алмай жүргеніңдей,
Сен жайлы айта алмаймын достарға да.
Сезімге еніп кеттік тоқтау білмей.
Сезініп тұрсақ тағы сынақты алдан.
Сен бірақ неге суып кеттің менен,
Санамды босатшы осы сұрақтардан.
Қонған сәт аз болса да қолға бақыт,
Ризамын мәңгілік саған қалқам:
Қайғысыз қара жолдан тайғанатып,
Қара өлеңнің жолына бір - ақ салған!
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya
Мен осы дұрыс ғұмыр сүрмей жүрмін,
Кім ұғар құлазыған көңілімді?
Қалайша ұнатуды білмей жүрмін,
Сен үшін қызық емес өмірімді...
Сен үшін қажет емес қалім бүгін,
Мүмкін мен естелікпін артта қалған.
Бір емін таба алмастан сағынудың.
Сәттерді бірге жүрген жаттап алғам.
Сен десе судан таза сезіміме,
Бере алмай көшіп кетті құстар баға.
Мен жайлы тіс жара алмай жүргеніңдей,
Сен жайлы айта алмаймын достарға да.
Сезімге еніп кеттік тоқтау білмей.
Сезініп тұрсақ тағы сынақты алдан.
Сен бірақ неге суып кеттің менен,
Санамды босатшы осы сұрақтардан.
Қонған сәт аз болса да қолға бақыт,
Ризамын мәңгілік саған қалқам:
Қайғысыз қара жолдан тайғанатып,
Қара өлеңнің жолына бір - ақ салған!
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya