***
Керек емес керек емес сенсіз күн,
Сен дегенде сенесің бе емсізбін.
Шаштарыңның жұпар иісін аңсаймын,
Желсіз күн...
Гүлім - гүлім бүгін енді гүлсізбін,
Сенбейтінім үмітіңді Сен де үздің.
Бұл ғасырда сағынумен сүюден,
Теңсізбін...
Біздің сезім соңы уайым басы мұң,
Жүрегімде жыр боп қалдың жасырын.
Сағындың ба сен де мені Асылым,
Ғашығым - ай ғашығым?!
Күндер қайда, түндер қайда қимаған,
Бір жымиып шексіз бақыт сыйлаған.
Қайтсем екен бұл сезімді ғаламға,
Сыймаған...
Кездер - қайда, көздер - қайда ойланам,
Мендік ойлар шым - шытырық шырғалаң.
Сәттерімсің дәптеріме толтырып,
Жинаған...
Біздің сезім соңы уайым басы мұң,
Жүрегімде жыр боп қалдың жасырын.
Сағындың ба сен де мені Асылым,
Ғашығым - ай ғашығым?!
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya
Керек емес керек емес сенсіз күн,
Сен дегенде сенесің бе емсізбін.
Шаштарыңның жұпар иісін аңсаймын,
Желсіз күн...
Гүлім - гүлім бүгін енді гүлсізбін,
Сенбейтінім үмітіңді Сен де үздің.
Бұл ғасырда сағынумен сүюден,
Теңсізбін...
Біздің сезім соңы уайым басы мұң,
Жүрегімде жыр боп қалдың жасырын.
Сағындың ба сен де мені Асылым,
Ғашығым - ай ғашығым?!
Күндер қайда, түндер қайда қимаған,
Бір жымиып шексіз бақыт сыйлаған.
Қайтсем екен бұл сезімді ғаламға,
Сыймаған...
Кездер - қайда, көздер - қайда ойланам,
Мендік ойлар шым - шытырық шырғалаң.
Сәттерімсің дәптеріме толтырып,
Жинаған...
Біздің сезім соңы уайым басы мұң,
Жүрегімде жыр боп қалдың жасырын.
Сағындың ба сен де мені Асылым,
Ғашығым - ай ғашығым?!
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya