▪️
Ал, бұл Ишанғалиев Қуаныштың «Дүрбі» басылымына берген сұхбатынан үзінді. Ишанғалиев Қуаныш 1975 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық сотының 2013 жыл 5 маусым күнгі шешімімен 22 жылға бас бостандығынан айырылған.
Оған ҚР ҚК-нің 179 бабы 4 бөлігі, 185 бабы 4 бөлігі, 233-2 бабы 2 бөлігі, 96 бабы 2 бөлігімен аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылған.
– Неге өлтіресіздер? Сіздің мақсатыңыз ақша алу емес пе еді?- Басшымыз Ролан болды, ол айтқан соң бағындық, өлтіріп тастадық… Ендігі мақсат ақша емес, қашу болды. «Әркім өз жолдарыңмен кетіңдер, қашыңдар» деді Ролан. Біз тығылып жатып, екі аптадан соң Аманғалиев Ардақ екеуіміз Орал қаласына кеттік. Оралда пәтер жалдап, бір аптадай болдық, сонда ұсталдық. Мен 22 жылға сотталдым. 2013 жылдан бері Ақтау түрмесінде отырмын. Ролан ғана Сирияға қашып үлгірді. Ол Сирияда өлді. Қалған жетеуміз сотталдық.
– Кімдердің уағызын тыңдадыңыз?-Интернеттен Сайд Бурятскийдің уағызын тыңдадық,
- Ол не деді?– «Таяу Шығыста мұсылмандарды қырып жатыр, мұсылман мұсылманға көмектесу керек, жихад жасаңдар» деп Сирияға шақырды.
– Мұсылмандарды қорғау үшін Сирияға кетпек болдыңыз, бірақ жол ақшасы үшін елдегі бір мұсылманды өлтірдіңіз? Мұны қалай түсінуге болады?- Білімсіздіктен болды.
– Мұсылманды өлтірген мұсылман тозаққа барады делінген. – Ол кезде білмедік, «намаз оқымаған мұсылман емес» деп ойладық. Қазір ғой көзіміз ашылып жатқаны. Бар ойымыз Сирияға кету болды.
- Сириядағы соғыс сіз ойлағандай дін үшін болған соғыс емес қой, мұны білесіз бе, қазір?– Ия, ол соғыс дін үшін емес екен, қазір көзіміз ашылды ғой. Саясат қой. Бармай қалғанымыз жақсы болды, барсақ бір адамды емес 100 адамды өлтірер ме едік, Аллах сақтады!
– Сирияда сіздерді кім күтіп отыр еді?- Роланның байланыстары болды. Біздерді соғысқа қатысу үшін террористік топқа солар қосатын болған. Сирияға Ролан, мен және тағы да 2-3 кісі кететін болдық, қалғандары елде қалатын болды.
- Қалай адастыңыз? Алғашқы шалыс басқан қадамыңыз есіңіз де ме?- 2007 жылдан бастап намазды Әбу Ханифа мазхабымен оқыдым. Басында мешітте жүрдік. 2011 жылы көзқарасым өзгерді, теріс ағымға тап болдым. «Халал сойылмаған» деп етті жеген жоқпын, бәрі содан басталды… Содан Сирияға шақыру, елде жарылыстар болды, терроризм басталып кетті ғой. Досым Роланмен кездесіп, сөйлесіп жүрдім. Екеуіміз Сирияға кетеміз деп уағдаластық. «Мына жаққа зиян келтірмейік, соғысты Сирияда жасайық» дедік.
- Шынайы мұсылман қандай болу керек?- Шынайы мұсылман аузымен де, қолымен де адамға зияны тимейтін адам болуы керек.
- Салт-дәстүр, ырым-тиымға қалай қарайсыз?- Дінге қарама–қайшылығы болмаса болды. Түрмеге келіп сабақ беріп жатқан имамдар, теологтар салт- дәстүр жөнінде де айтып жатыр. Аллахқа серік қосу ғой проблема.
- Отбасыңыз бар ма? Олар да намаз оқи ма?- Анам, әйелім, 3 балам бар. Апам, қарындасым, екі ұлым мен қызым намаз оқиды. Қазір екі баламды уайымдаймын, дұрыс жүрсе екен, мен сияқты қателесіп кетпесе, балаларым сотталып. қасыма келіп отырмаса екен деп уайымдаймын.
- Сіз дінді теріс түсіндіңіз, адасып, Сирияға кетпек болып, адам өліміне себепші болдыңыз. Енді аттай 22 жыл тар қапаста отырасыз. Кейінгі жастарға не айтасыз?– Бірінші Үкіметке айтарым, интернетте теріс уағыз айтып жатқан сайттарға тиым салу керек. Біздің кездегі уағыздар әлі айтылып жатыр ғой, жастар бұзылып жатыр. Интернеттегі сайттарды, теріс уағыздарды тыйса жастар адаспас еді. Мысалы мен діни білімсіздіктің кесірінен 37 жасымда адастым. Егер мен жасымнан дұрыс дінді түсінсем адаспас едім. Жастарға дінді, ненің дұрыс, ненің қате екенін түсіндіру керек деп ойлаймын.
©️
Сұхбат www.durbi.kz сайтынан алынды. 📹
№181 деректі фильмді толық қарау үшін: https://youtu.be/ywgdyhGUVdg