🔞16 ЖАСАР ҚЫЗДЫ ТӨРТ ЖІГІТ ЖАБЫЛЫП ЗОРЛАҒАН
Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы. Күні кеше жергілікті чаттарда 16 жасар қызды төрт жігіттің зорлағаны жайлы сұмдық ақпарат тарай бастады. Десекте, бірнеше сағаттан кейін, жергілікті полиция оқиғаның болғанын растап, күдікті төрт жігіттің құрықталғанын мәлімдейді. Қазіргі таңда, олар тергеу изоляторында. Ең кішісі 18 жаста болса, үлкені 23 жаста екен. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда. Ал, жәбірленген қыздың қал-ахуалы жайлы мәлімет берілмей отыр.
Деректерге сүйенсек, әлгі төрт жігіттің бірі жәбірленген қыздың танысы. Оқиға болған күні, қыз спортзалдан шығып үйіне жаяу қайтып бара жатыпты. Таныс жігіт оны көлігімен апарып тастауды ұсынғанда, қыз келіскен. Алайда, көлікте тағы үш жігіт отырған екен. Нәтижесінде, қызды ауыл сыртына алып кетіп, төртеуі кезек-кезек зорлаған. Ал, әлгі таныс жігіт байғұс қызбен аса азғындық жолмен жыныстық қатынасқа түскен көрінеді. Сөйтіп, қоқан-лоқы жасап, тіс жарса ата-анасы мен бауырларын өлтіретіндіктерін айтқан екен. Десекте, жасөспірім қыз үйіне жеткен бойда, басынан өткен сұмдықты жақындарына айтып берген.
❗️Кәмелет жасқа толмағандарға зорлық көрсеткендерді Бишімбаев секілді тікелей эфирде соттау керек. Бәрі көрсін. Жанұясы мен туыстары масқара болсын. Нәтижесінде, бұл басқа осы тектес мақұлықтарға үлгі болып, арам пиғылын іске асырмас алдында мың ойланатын болады.
👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube