ALYPSOQ


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


Сіз бұл арнадан қазақ жауынгерлерімен қатар басқа да UFC жауынгерлері туралы жаңалықтарды қазақша оқитын боласыз!
Бізбен бол!
Instagram: https://www.instagram.com/alyp.soq/
Youtube: https://www.youtube.com/@alypsoqnews
Жарнама жасау бойынша: @bzhumazhan

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter




“Ghibli” стилінде Қазақ жауынгерлері🤩🤩🤩

Кімді таныдыңыз?


Белгілі өзбекстандық UFC жекпе-жек шебері Нурсултон Рузибоев өз отандастарын қазақстандық OCTAGON лигасына қатысудан бас тартуға ашық түрде шақырды

Ол бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында айтты. Бұған өзбек спортшысы Одилхон Камолов пен қазақстандық Еркебұлан Тоқтар арасындағы жанжал себеп болған.

Еске сала кетейік, Алматыда өткен OCTAGON жауынгерлерінің конференциясы алдында Тоқтар Камоловқа күтпеген жерден шапалақ жұмсаған еді. Бұл оқиға жекпе-жек қауымдастығында үлкен резонанс тудырды. Өз кезегінде тәжік спортшысы Камариддин «Камил Карате» Хасанов бұл жағдай Тоқтар мен Камолов арасындағы үшінші жекпе-жектің алдындағы жарнамалық айла-шарғы болғанын мәлімдеді.

OCTAGON ұйымы бұл оқиғаға қатаң жауап қатты: Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов 6 айға жекпе-жектерден шеттетілді.


Осындай жағдай…


OCTAGON лигасының Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов арасындағы қақтығысқа қатысты ресми мәлімдемесі
23.03.2025 күні, OCTAGON лигасының конференциясы қарсаңында, ABB Arena түсірілім павильонының автотұрағында Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов арасында әлеуметтік желідегі пікірлерден туындаған жанжал орын алды. Тоқтар көліктен павильонға бет алған кезде, оған Камолов сәлемдесу үшін жақындаған, алайда бұған дейінгі өзара келіспеушіліктерге қарамастан, жағдай ушығып кеткен.
Оқиға орнындағы күзетшілер дереу араласып, төбелестің өршуіне жол бермеді. Тексеру барысында, спортшылар бұл жанжалды өз жекпе-жектерін жарнамалау мақсатында әдейі ұйымдастырғаны анықталды. Алайда, олар бұл әрекеттері туралы OCTAGON лигасының басшылығын хабардар етпеген.
OCTAGON лигасының басшылығы Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камоловтың бұл әрекеттерін қатаң айыптайды. Лига әрдайым Орталық Азия мен басқа да елдердің спортшылары үшін халықаралық аренада өнер көрсетуге мүмкіндік беретін орта ретінде танылып келген. Мұндай әрекеттер OCTAGON лигасының кәсібилігіне көлеңке түсіреді және оның құндылықтарына сәйкес келмейді.
Осыған байланысты, OCTAGON лигасы келесі шешімдерді қабылдады:
Қоғамдық тәртіпті және келісімшарт шарттарын бұзғаны үшін Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов 6 айға дисквалификацияланды (оның ішінде 3 ай – нақты дисквалификация, ал қалған 3 ай – шартты жаза). Жарыстарға қатысуға тыйым салу 2025 жылдың 23 наурызынан бастап күшіне енеді.
OCTAGON лигасы мұндай әрекеттерге мүлде жол берілмейтінін және болашақта осындай оқиғалардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдейді.


Илия Топурия өзінің жаңа лақап аты ««EL ELEGIDO(Таңдаулы)» болады деген ақпаратты жоққа шығарып, ресми түрде «Легенда(Аңыз)» деген жаңа жауынгерлік есімін жариялады.

💬 «Эль Матадор» менің бүкіл спорттық жолымда менімен бірге болды және ол мені жаңа лақап атқа әкелді. Мен әрдайым айтамын: маған сену керек. Адамдар көргеннен кейін сенеді, ал мен алдымен сенемін, содан кейін көремін. Сондықтан менің келесі жекпе-жектерімдегі лақап атым – La Leyenda», – деді Топурия Толедода өткен баспасөз мәслихатында.


Бұл лақап ат сізге ұнады ма?


🥲Бұрынғы UFC чемпионы Кейн Веласкес 2022 жылы адам өлтіруге оқталды деген айыппен сотталып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның 3 жылы қазірдің өзінде өтелді.

Веласкес 2022 жылы ұлын зорлады деп айыпталған Гарри Гуларте отырған көлікті қуып, оған оқ атқан. Алайда, ол Гулартеға емес, оның өгей әкесіне жарақат салған.

Прокуратура оған 30 жыл немесе өмір бойы жаза талап еткен, бірақ ол кінәсін мойындап, жеңіл жаза алды. Веласкес 2027 жылдың ақпанында босатылады.

Ал Гуларте 8 жылға сотталуы мүмкін, оның соты маусымда өтеді.


🇺🇸Шон Брэди - UFC рейтингінде #1 орынға көтерілді! Шавкат - #2 орында!

Дәл қазір рейтинг, осындай:

1. Шон Брэди (АҚШ)
2. Шавкат Рахманов (Қазақстан)
3. Леон Эдвардс (Англия)
4. Камару Усман (Нигерия)
5. Джек Делла Маддалена (Австралия)

Енді, не болмақ?


😱Шон Брэди сөйледі...

🗣"Иә, егер мамырда жекпе-жек өткізбесем, кім жеңсе де, жыл соңында төбелесемін деп ойлаймын. Шавкатпен не болып жатқанын білмеймін. Ол жиі жарақат алады. Мүмкін, мен Шавкатпен төбелесіп қалатын шығармын, сосын жеңгеніміз белбеу үшін шығатын боламыз.
Мен Келвин Гастелумды, Гилберт Бернсті, міне енді Леон Эдвардсты жеңдім. Ал Шавкат кімдерді жеңді?.. Иан Гэрри ме? Иә, Шавкаттың соңғы жекпе-жегі Ианмен болды, бірақ Иан қазір қайда екенін де білмейміз.

UFC қажет десе, Шавкатпен жекпе-жекке шығуға дайынмын. Одан кейін белбеу үшін 100 пайыз төбелесемін. Төбелесу - бұл менің жұмысым. Жылдың бірінші тоқсанында төбелескенім жақсы болды, бұлай болады деп күтпеген де едім. Қашан төбелесемін деп жүргенмін. Мен белсенді болғым келеді, тезірек төбелескім келеді."


Былай қарасаң, сөзінің жаны бар...Сіз не ойлайсыз?


✅UFC 2025 жылдың жазында Әзербайжанда алғашқы турнирін өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараның өтетін орны ретінде елдің ең ірі қаласы – Баку таңдалуы мүмкін.

Ариэль Хельванидың инсаиды бойынша UFC Әзербайжанда турнир өткізу туралы келісімге келгенін.

Не белгілі?

🔹 Бұл Fight Night болады
🔹 Турнир маусым айында өтеді
🔹 Карде мүмкін болатын бір жекпе-жекте – Уланбеков vs Хоригучи

PS.Қазақстаннан бұрын өткізеді!Біздер әлі теледилардан көре алмай жүрміз😆


⚡️ Чарльз Оливейра және Илия Топурия арасында дау туды

🗣Чарльз Оливейра:
«Менің ойымша, келесі титулдық жекпе-жекке мен лайықпын. Бірақ мен Zuffa компаниясының атынан өнер көрсетемін. Қазір Дастин Порье, Джастин Гэйтжи және Илия Топурия туралы әңгімелер жүріп жатыр. Ал мен тек қоңырауды күтіп отырмын. Келесі қарсыласым кім болатынын білмеймін. Әзірге тек әңгіме ғана. Маған кіммен шығу керектігін айтса, мен сонымен октагонға шығамын. Топурияға құрметпен қараймын, бірақ бұл – жеңіл салмақ. Бұл — тарихтағы ең қиын дивизион. Ал менің қолымда нокаутқа түсіретін күш бар. Мен джиу-джитсуммен мақтанамын, бірақ Топурияны нокаутқа түсіре алатыныма күмәнім жоқ».


🗣Илия Топурия:
«Чарльз үніңді өшіре тұрғаның абзалырақ болады. Сенде 10 жеңіліс: 5-еуі нокаутпен, 4-еуі сабмишнмен, 1-еуі төрешілер шешімімен. Сен жай ғана үміткерсің, ал мен чемпионмын. Барлық дивизионның әкесімін. Мен мұнда біреуден бірдеңе сұрауға келген жоқпын. Бұл бастық МЕНМІН».


Бұл айқаста кім басымыр-ақ?


Бұл Леонның мансабындағы алғашқы мерзімінен бұрын жеңілісі...

Шон Брэди мықты ма? Леон Эдвардстың дәуірі аяқталды ма?


Алайда, Шон сұхбат кезнде титул туралы артық ештеңе айтпады…Бұл дегенміз әлі де жекпе-жек өткізуге ниетті. Мүмкін Усманмен…Ал Шавкат, мамырда болатын титулдық айқастың жеңімпазымен айқасады. Бұл менің болжамым.

Ал сіз қалай ойлайсыз?


Леон Эдвардс қазіргі таңда рейтингте #1 тұр. Шон Брэди оны бүгін жеңді, логикалық тұрғыда енді ол Леонның орынына тұрады. Сонда Шавкаттың алдын орамағанда, кімнің алдын орайды?

14 last posts shown.