Белгілі өзбекстандық UFC жекпе-жек шебері Нурсултон Рузибоев өз отандастарын қазақстандық OCTAGON лигасына қатысудан бас тартуға ашық түрде шақырды
Ол бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында айтты. Бұған өзбек спортшысы Одилхон Камолов пен қазақстандық Еркебұлан Тоқтар арасындағы жанжал себеп болған.
Еске сала кетейік, Алматыда өткен OCTAGON жауынгерлерінің конференциясы алдында Тоқтар Камоловқа күтпеген жерден шапалақ жұмсаған еді. Бұл оқиға жекпе-жек қауымдастығында үлкен резонанс тудырды. Өз кезегінде тәжік спортшысы Камариддин «Камил Карате» Хасанов бұл жағдай Тоқтар мен Камолов арасындағы үшінші жекпе-жектің алдындағы жарнамалық айла-шарғы болғанын мәлімдеді.
OCTAGON ұйымы бұл оқиғаға қатаң жауап қатты: Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов 6 айға жекпе-жектерден шеттетілді.