💵👨🏻💻Қаржы сауаттылығы
бар адамның әдеттері:
1.
Табысының бір бөлігін жинайды. Табысы түскен күні бір бөлігін міндетті түрде жинақтайды.
2.
Шығыны табысынан асып түспейді. 200.000 теңге табыс тапса, 180.000-ға өмір сүреді.
3.
Үлкен сатылымдарды алдын-ала жоспарлайды. Яғни, смартфон, машина алмас бұрын, қаржыны жинақтап, дайындалады. Айлап қаржы жинайды, жылдап несие төлемес үшін.
4.
Кіріс және шығыс есебін жүргізеді. 5.
Инвестиция жасайды. Жинақтаған қаржысына инвестиция жасайды.
6.
Эмоциямен сатып алмайды. Заттарды эмоциямен сатып алмайды, өзіне нақты не қажет, соны сатып алады.
7.
Салық төлейді. Салық жүйесін түсінгесін, салық төлеудің маңызын түсінгесін, салық төлейді.
8.
Саяхаттайды, қаржылық білім алады. Экономикалық жаңалықтарды ылғи да бақылап отырады.
9.
Кредит, бөліп төлеу, тұтынушылық несиеге жоламайды. 10.
Қайырымдылық жасайды.Сіздің бойыңызда осы 10 қаржылық әдеттің қайысысы бар❓©️ https://t.me/qarjysayaty