Қазір тұрып жатқан үйім, Сарыарқа базарына жақын. Азық-түлік алуға базарға барамыз. Соңғы уақытта базардан бір дүниені байқап жүрмін:
сауданы қолма-қол ақшаға жасасаң, заттың бағасын түсіреді. Егер,
банк қосымшасы арқылы аударым жасасаң, заттың бағасын өсіріп айтады.
Себебін сұрап көріп едім, алған жауабым:
"қазір адамдардың 90%-ы банк қосымшалары арқылы төлем жасайды. Біз ол ақшаны шешіп алғанда банкомат бізден пайыз алады. Біз сол пайызды өз қалтамыздан төлемес үшін, заттың бағасына қосып сатуымызға тура келеді" дейді.
| Бұл қазір барлық жерде бар. Гажеттерді де қолма-қол ақшаға алсаң, едәуір бағаға төмен аласың. Мысалы, жақында кәсібіме жеке смартфон керек болып, нарықты зерттедім. Сонда мынадай баға өзгерісін байқадым. Мен алғалы тұрған смартфон 200.000 теңге көлемінде. Әр жерде әртүрлі баға ұсынды:
1. Техникалық маркеттерде (Sulpak, Alser) - 265.000+ теңге.
2. Маркетплейстерде (kaspi) - 245.000 - 260.000 теңге.
3. Шағын техника сататын дүкендерде:
🔸қолма-қол ақшаға алсаң: 199.950 теңге
🔸 несие, бөліп төлеуге алсаң: 245 000+
📍Байқап тұрғаныңыздай, үлкен қаржыны талап ететін заттарға қаржыны жинап алған дұрыс. Егер қаржыны жинамай несиеге немесе бөліп төлеуге алсаңыз,
банк пайызын және
саудагердің де пайызын сіз төлейсіз. Кей жерлерде
инфляция мөлшерін де заттың құнына қосып жібереді.
Қарапайым азық-түліктің өзіне баға қосқанда, техникалық тауарларға шамадан тыс баға қосады.
Қандай зат алсаңыз да, нарықты толық зерттеп, есептеп алыңыз. Алатын затыңызды алдын-ала жоспарлап, соған қаржы жинасаңыз, затты өз құнында ала аласыз. Жылдап несиені төлегеннен, айлап ақша жинаған дұрыс.
📍ақпарат осы жерден алынды:
https://t.me/qarjysayaty