Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
🌐 RUSSELL GROUP ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН ҰЛЫБРИТАНИЯ УНИВЕРСИТЕТІ АСТАНАДА ФИЛИАЛ АШАДЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэтрин Лич, Ұлыбританияның Лордтар палатасының мүшесі лорд Майкл Германмен, Кардифф университетінің Президенті Венди Ларнермен және «Qualified Centre of Education» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесу өткізді.
Биыл тамыз айында Кардифф университетінің басшылығымен алғашқы кездесу барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Кардифф университеті және «Qualified Centre of Education» қоғамдық қоры арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Министр Саясат Нұрбек Қазақстанда мықты зерттеу әлеуеті бар британдық университет филиалын құрудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жергілікті студенттерге инженерияда, медицинада, биотехнологияда халықаралық стандарттарға сай білім алуға мүмкіндік береді. Үш айлық бірлескен жұмыс нәтижесінде тараптар келісімге келіп, кеше Кардифф университеті Қазақстанда филиал ашу жөнінде келісімшартқа қол қойды.
🔗 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/887540?lang=kk
#gylymjogarybilim #Gylymnews