Хадис ізденуші


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Кітап, ілім, хадис, ғалымдар.
Ілім ізденушіге насихаттар📌

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Шынайы ғылым болған жерде шәкірттердің күннен күнге азаюы – қалыпты құбылыс. Ілім – табиғатынан күрделі.
Болашақта сен де ұстаз болсаң, шәкірттерің күннен күнге азайып жатса қапаланба.

Қайта керісінше, күннен күнге көбейіп жатса ойлан. Бәлкім, дәріс барысында әзілің көбейіп кетті. Бәлкім кітапқа қатысы жоқ ғажайыптарды айтып, адам тартып жатсың. Шынайы ғылым – өз маңына көп адам жинамайды.

©️Али Омари


الصورة التاريخية في حلقة الشيخ حمزة البكري)
toplantı odası
Sultanahmet vakfı


Бір христианмен диспут қылдың делік. Сен оған Алла тумады да туылмады, оның баласы болмайтындығы жайлы тіпті жүздеген мықты дәлелдер келтірдің. Ол барлығын да жақсы қабылдап, бірақ ең соңында: “Аллаһ сонда Өзіне бала жасауға құдіреті жетпей ме” – деп тағы да күмәнмен сұрақ қойды.

Сол кезде “қудра” мәселесін қалай түсіндіресің? Жаттап алған жүздеген дәлелдер бір бөлек.

Алланың сипаттарындағы нәзік мәселелерді терең түсіне алу әрі оны түсіндіре алу басқа бір бөлек.

©️Шейх Хамза әл-Бәкри
(Бүгінгі дәрістен)


Ауа-райы нөсер жаңбыр, жел-дауыл.. Шейх не болса да дәрістен қалмаңдар дейді🤝🏻⛈️


Тәдлистің тағы бір түсініктемесі – екі нәрсенің ортасындағы көмекші құралды жасыру.

Мысалға Зәйд Фәридтен бір сөз естіді. Ал Фәрид оны ұстазы Бәкрден естіген еді.

Зәйд сол бір сөзді: “Бәкр ұстазым маған былай деді”,- деп, ортадағы Фәридті жасырып, өз құлағымен естігендей айтты.

Бұл әңгімені қозғаған себебім, қазір телеграм арналарда болсын, жалпы әлеуметтік желілерде “кітаби тәдлис” қылушылар бар.

Мысалға, бір ғалымның керемет сөзін жазып, дереккөзге “Сияр әғләм ән-нубәлә 8-том 357-бет”-деп жазып қояды.

Ол пәленшеден: “Сиярдың қай баспасынан оқыған едің, таппай жатырмын, айтып жібересің бе?-деп сұрасаң:

“Мен сиярдан емес, пәленше деген ұстаздың кітабынан оқыдым. Ол жерде “Сияр әғләм ән-Нубәлә 8-том..” деп дереккөзді келтірген”,-деп, қымсынып жауап береді.

Құрметті бауырым, жақсы бір пайдалы сөзді дереккөзге сай келтірер болсаң, ең алдымен дәл қазір қай кітаптан оқыдың, соны жазып, одан соң үтір қойып, ал бұл сөз сияр кітабынан алынған деп қосымша жазып қой. Онда тұрған ұялатын ештеңе де жоқ.

Өзімізде жоқ нәрсені бар қылып көрсетуден, яки өзіміз оқымаған кітапты, оқыдым деп көрсетуден сақтанғанымыз жөн.

Алла бізді бұл шарапатты ілім берекетінен мақрұм етпесін.


(Халықты алдап, өтірікті шындай етіп)

Тәдлис қылғанша Зина қылғаным артық.

©️Шуғба ибн әл-Хажжаж


Тәдлис әл-булдән: Өздері Қазақстанда жүрсе де баяғы дубайдағы фото-видеоларын қазір де сол жақта жүргендей салады.

Тәдлис әш-Шуйух: Тікелей Коучтарынан сабақ алмаса да соның кітап-видеоларын қарап алып: “Бізге Тони Роббинс былай деп еді” деп риуаят қылады.

Тәдлис әл-иқтибәсә: “Өздері негізгі дереккөзді жасырып, бір цитатаны өзінің сөзі секілді етіп риуаят етеді”.


Forward from: Beisenali Olzhas
Бүгін хадис сабағында: “Инстаграм – нағыз тадлистің әлемі. Блогерлер – мудаллистер, өздерінде жоқ нәрсені, бар деп көрсетеді", - дедім.


Дәл қазіргі кезде ислам ғалымдары көп. Ислам ойшылдары аз. Әрбір ойшыл – ғалым. Бірақ әрбір ғалым ойшыл емес.

(Абдулла Драз, Мухаммад Ғазали, Рамадан Буты секілді)

©️Қайрат Құрманбаев


Имам әл-Кәусаридің бүкіл мақаласын бастан-аяқ, әр сөйлемін талдап, екі рет толық оқып шықтым.

Осыдан бірнеше жыл бұрын кітапты 100% пайыз түсініп шықтым деп ойлаған едім. Ал жақында тағы қайталап оқығанда, сол бір кезде әрі кетсе 50-60% ға ғана түсінгенімді білдім.

Бәлкім бірнеше жылдан кейін тағы да тереңірек түсінермін.

©️Шейх Хамза әл-Бәкри


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
وافق عقلي عقله😁🫠


Шейх Хамза әл-Бәкриге (хафизаһулла) қойған кейбір сұрақтарым:

– Ұстаз, ғылыми классикалық шариғи кітаптардың басқа тілдерге аударылуына қалай қарайсыз? Дәлірек айтсақ, усуль, мусталах т.с.с. құрал кітаптардың аударылуына көзқарасыңыз қандай?

– Әлбетте, қандай да бір пәннің алғашқы бастауыш деңгейінің аударылуында проблема жоқ. Бірақ 2-3 деңгейлі кітаптың аударылмағаны жөн. Жоғарғы деңгейдегі кітапты шәкірт түпнұсқада (араб тілінде) ғана оқуы қажет.

#архив


«دليل إثبات وجود الله » – هذا
التعريف فيه تساهل.

من الأفضل أن نقول : «دليل إثبات العلم لوجود الله».

الشيخ حمزة البكري©️


Forward from: Nurbol Rakhmatilla
Мен қатты шаршап, күш-қуатым таусылған кезде, маған ең үлкен мотивация беретін нәрсе — қазіргі таңда яһудилердің (Алла оларды лағнеттесін) мұсылмандарға және әлемге жасап жатқан іс-әрекеттері. Әсіресе, олардың басшыларын көрген сайын жаным қиналып, бұдан да үлкен сабақ беруге деген жігерім арта түседі.

©️Али әл-Омари
(Хафизаһулла)


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Өте өзекті📌

Соңына дейін тыңдаңыз.


Шейхқа Алла күш-қуат берсін. 24 мың дәріс.


Шәкірттің ұстазына жасаған ең үлкен жақсылығы – ұстазының ілімін таратуы.

Ұстазының кітаптарын оқыту, кітаптарын тарату. Ұстазының айтқан сөздерін өзінің кітабына қосу және тағысын тағы.

©️Шейх Анас Ғиззат


Бұрын марқұм Олжекең кеңес еткен подкаст еді. Шейх Фахруддин Қабауаның ең жақын шәкірттерінің бірі шейх Әнәс Ғиззәт.

Подкастта ілім ізденушіге пайдалы көптеген ақпараттар бар.




Шәкірт жауапсыз қайтпау керек дейді. Сұрағына жауап бере алмасаң, білмеймін деп қана айта салма. Мына бір пәленшеге бар, сол кісіден жауабын аласың деп, жол сілтеп жібер дейді.

20 last posts shown.